Іріктеуде озып шыққан 7 қазақстандық БҰҰ-ның Иордания,
Таиланд, Түркия мен Кениядағы волонтерлік топтарына қосылды. Қатысушылар іргелі
ұйымда 1 жыл қызмет етеді.
БҰҰ құрылымдарына қосылған жастар тұрақты даму саласында
өз біліктіліктерін арттырып, білімдерін шыңдай түседі. Оған қоса өз тәжірибесімен
бөлісіп, волонтерліктің дамуына үлес қоса алады. Жастардың барлық шығыны
мемлекет тарапынан өтеледі.
БҰҰ Волонтерлердің Еуропа және Орталық Азиядағы аймақтық
менеджері Дмитрий Фришин жастардың әлемдік алаңда тәжірибе алмасуына
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдау білдіргенін
мәлімдеді. «Қазақстандық жастар БҰҰ құрылымдарында жұмысын бастады. Талантты
өрендер тұрақты даму жолында инновациялық идеяларымен бөлісіп, төтенше
жағдайларды шешу сияқты міндеттер атқарады. Конкурс негізінде іріктеліп алынған
волонтерлер өз елдерінің тәжірибесін халықаралық аренаға жеткізумен қоса,
Қазақстан мен басқа елдер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Сонымен
бірге әлемде бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық
волонтерлікті қолдаумен айналысады», дейді маман.
Конкурс талаптары бойынша БҰҰ волонтерлер қатарына 18
бен 29 жас аралығындағы азаматтар таңдалды. Бұған дейін волонтерлікпен
айналысқан, өзге елдің мәдениеті мен тілін сыйлайтын, халықаралық қатынас, даму
саласында білімі бар, БҰҰ жүйесімен таныс жастарға басымдық берілді.
Халықаралық ұйымға тәжірибе жинауға кеткен Меруерт
Сыздықбекова бүгінде БҰҰ-ның «БҰҰ Әйелдер» аймақтық офисінің қоршаған орта
және климаттың өзгеруі бойынша маманы болып қызмет атқарады. «Мен
БҰҰ-ның волонтері болу тұлғалық
дамуым үшін де, кәсіби тұрғыда дамуым үшін де пайдалы деп білемін. Мол тәжірибе
жинап, өз саламда пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік туып тұр. Оған қоса бұл
– шетелдіктерден олардың мәдениеті туралы танымымды кеңейтіп, әлем елдерін
аралауға қолайлы сәт. Университет қабырғасында студенттермен «БҰҰ Моделін»
ұйымдастырып, оқу орнында БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің
жұмысын қайталағандай болатынбыз. Сол кезде келешекте шынымен БҰҰ сынды
маңызды халықаралық ұйымның мүшесі болатыным ойыма келмейтін де. Бұл
бағдарлама аясында тұрақты даму саласындағы озық тәжірибелерді үйреніп, туған
еліме, барлық әлемге пайдалы болатын еңбек сіңіремін деген сенімім бар»,
дейді.
БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров жастар бұл саладағы тәжірибелі мамандардан үйреніп, елдегі волонтерлікті дамытуға үлкен үлес қосады деген сенімін жеткізді. «Негізінен, Қазақстандағы волонтерліктің тамыры тереңде. Қазақстан БҰҰ-мен бірлесіп бейбітшілік пен мейірімді дәріптеуге күш салып келеді. 2019 жылы Қазақстан Үкіметінің БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен келісімшарт жасауы бұған жақсы дәлел. Бұл бастама нәтижесінде 7 қазақстандық халықаралық волонтерлікпен айналысып, әлемдік тәжірибені елге алып келу мүмкіндігіне ие болып отыр», деді Қ.Омаров.
Замандастарынан оқ
бойы озып шығып, халықаралық волонтерлікке Қазақстан атынан үлес қосатындарға
тоқталсақ. Иордания астанасы Амманға аттанған отандасымыз Айнұр Канафина Дүниежүзі
денсаулық сақтау ұйымында саясат мәселелері бойынша кеңесші болып қызмет
етеді. Бангкокқа кеткен Фариза Мұқанова Халықаралық миграция ұйымының Еңбек
миграциясын қолдау бөлімінде қызмет атқарады. Меруерт Сыздықбекова – «БҰҰ
Әйелдер» қорында қоршаған орта мен климаттың өзгеруі бойынша маман. Ол қазір
Түркияның Ыстанбұл қаласында тұрады. ЮНИСЕФ ұйымына екі бірдей отандасымыз
аттанды. Ұйымның Найробидегі (Кения) бөлімінде жұмысқа кіріскен Гүлмира
Түсіпбекова мектепке дейінгі білім беру бөлімінде біліктілігін шыңдайды. Ал
Дильшат Жүсіпова ЮНИСЕФ-тің Бангкоктағы бөлімшесіне коммуникация маманы болып
жұмысқа тұрды. БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасы да екі қазақстандықпен
толықты. Дина Ақылбекова мен Диана Дүйсембаева Ыстанбұлда серіктестікті қолдау
бойынша тәжірибеден өтпек. Алдағы уақытта халықаралық ұйымдарда білімін
сынап, тәжірибеден өтіп жатқан отандастарымызбен сұхбат ұсыну ойымызда
бар.
Дереккөз: https://egemen.kz/article/251770-buu-volonterleri-qataryn-tolyqtyrdy
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.