Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік – Шымкент жастарының даму ортасы ретінде

Волонтерлік – Шымкент жастарының даму ортасы ретінде

27.08.2022 764 0

Еліміздің оңтүстік аймағы тек жылы және қолайлы ауа райымен ғана емес, сондай-ақ белсенді жастарымен ерекшеленеді. Өңірде жыл сайын әлеуметтік осал топтарды қолдауға, климаттың өзгеруіне қарсы іс-шаралар мен қоғамның алдында тұрған өзге де өзекті мәселелерді шешуге бағытталған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылады.

Бұл қозғалыстың дамуында ерекше рөлді Мемлекет басшысымен 2020 жылы жария етілген «Волонтер жылы» аясында құрылған Шымкент қаласының аймақтық фронт-офисі атқаруда.

Волонтерлер фронт-офисі жергілікті волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды қолдауға бағытталған әдістемелік, үйлестірушілік және консультациялық көмекті көрсетеді. Өңірдің волонтерлерінің көбісі оқушылар және студенттер. Республикалық фронт-офистің ақпараты бойынша тек 2021 жылдың жеті айы ішінде аймақтық фронт-офис жұмысының есептері негізінде өңірдегі 18 жасқа дейінгі волонтерлердің құрамы 46%-ды және 18 жаспен 29 жас арасындағы волонтерлер 35%-ды құрайтыны белгілі болды. Бұл көрсеткіштер аймақтағы жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарының нығайғанының және өз аймақтарында болып жатқан мәселелерді шешуде рөлдерінің артқанының көрінісі.

Оқушы, Шымкент қаласының белсенді волонтері Артур Дрейлинг аймақтағы волонтерлік қозғалыс туралы:

«Шымкентте волонтерлік жақсы дамуда, дегенмен тұрғындар арасында волонтердің рөлін қате түсінумен волонтерлік ұғымының мазмұның түсінбеуі нәтижесінде қайырымдылық қызметпен шатастыру көптеп болып жатыр.

Сондықтан қазіргі уақытта бұл сұрақтарға назар аударып, сәйкесінше ақпараттық іс-шаралар өткізу және волонтерлік салада насихаттауды арттыру керек.

Жақсы өзгерістер көп. Волонтерлердің көбісі волонтерлік бағыттарын жауапкершілікпен таңдауда. Сондықтан, бір волонтерлік бағытта қызмет атқаратын волонтерлер саны артуда, соның есебінен волонтерлік қызметтің сапасы да артуда. Мысалы біздің эко волонтерлер желісі оқушылар арасында танымал болуда, тұрақты түрде жаңа волонтерлер қосылуда. Ең қуаныштысы волонтерлер ұзақ уақытқа бізбен бірге болады.

Себебі олар біздің қаламызда қандай қоқыс шоғырланған орындар бар екенін өз көздерімен көреді. Сенбілікке шыққан кезде көріп қана қоймай, сонымен бірге жұмыстарының маңыздылығын, жағымды эмоцияларды сезеді. Сол себепті волонтерлер саны күннен күнге артуда.

Жеке өзімнің байқағаным волонтерлікпен көп жетістіктерге жеткісі келетін жастар айналысады. Олар тұрақты түрде дамиды.».

Волонтерлік мүмкіндіктері мәселелері бойынша, волонтерлік бастамашыл топтардың немесе ұйымдардың консультациялары мәселелері бойынша сіз фронт-кеңсемен келесі байланыс нөмірлері бойынша байланыса аласыз::

Шымкент қ., Түркістан к. №1, +7 775 487 7771

Авторы: Александра Крашинина @alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
28.03.2024 451 0
Су тасқынының зардаптарына байланысты Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды‼
Толығырақ
21.03.2024 1024 0
Наурыз мерекесі құтты болсын! 🌷
Толығырақ
20.03.2024 1160 0
5 онлайн волонтерлік мүмкіндіктерді іздеуге арналған онлайн ресурстар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена