Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік корпоративті волонтерлерге қалай әсер етеді: волонтерлер хиякаялары

Волонтерлік корпоративті волонтерлерге қалай әсер етеді: волонтерлер хиякаялары

25.11.2024 1457 0

Соңғы уақытта волонтерлік қоғамға үлес қосқысы келетін барлық компаниялардың қызметкерлері арасында танымал бола бастады. Корпоративтік волонтерлік – бұл көмектесудің жолы ғана емес, сонымен қатар волонтерлердің өз өмірлерін өзгертуге, жаңа дағдыларды дамытуға және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік беретін қоғамға пайдалы қызмет.

Дәл осындай әсер мен өзгерістер туралы бүгін "Қазақстан темір жолы" корпоративтік волонтері Кужумов Ерлан Муратовичпен бірге біздің диалогымыз шықты.

Ерлан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, Белес теміржол станциясының бастығы болып жұмыс істейді.

"Мен волонтерлік қызметке "Жеңіс" жобасының басталуымен тұспа-тұс қосылдым және менің волонтерлік бағытым соған сәйкес анықталды. Жобада біз, теміржолшылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектестік. "Жеңіс" жобасынан кейін корпоративтік волонтерлікке жүйелі түрде қосылдым".

Кез-келген бағыттағы волонтерлік қызметте әдеттегі міндеттер шеңберінен шығып, жаңа рөлдерде өзін сынап көруге мүмкіндік береді, корпоративтік волонтерлік те өз волонтерлеріне сондай мүмкіндікті береді.

"Корпоративтік волонтерлік аясында біз, волонтерлер, өз жұмысымыздан мүлдем басқа міндеттерді орындаймыз: бұл теміржол саласының ардагерлеріне де, жалпы мұқтаж жандарға да көмек. Бұл үлкен артықшылықтарды береді, адамдарға ҚТЖ корпоративтік волонтері ретінде көрінуге көмектесе отырып, мен тек жақсылық жасап қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы ҚТЖ имиджін арттыруға өз үлесімді қосамын.

Менің күнделікті кәсіби міндеттерім волонтерлік міндеттерімнен түбегейлі ерекшеленеді. Мен адамдарды естуді және тыңдауды, олардың хикаясы мен мәселелеріне терең үңілуді үйрендім".

Адамдарды есту және тыңдау қабілеті – өте маңызды. Бұл дағды волонтерлікте ғана емес, жұмыста да, жеке өмірде де пайдалы. Біз Ерланнан ол волонтер ретінде кездестірген қиындықтар туралы да білдік.

"Қиындықтар іс жүзінде жоқ, тек тәулігіне 24 сағатты қоспағанда) Еңбек әрқашан жақындастырады, ал жақсы жұмыс немесе игі іс адамдарды екі есе жақындастырады. Сонымен, ұжымда қандай да бір игі істі орындаған кезде біз бір-бірімізге жақындай түсеміз.

Мен үшін игі іс жасау – әрқашан бақыт пен жағымды эмоциялар. Мен басқа компанияларда мұндай жобаларды әлі кездестірген жоқпын және біздің компанияда волонтерлікке көп көңіл бөлініп жатқаның мақтан тұтамын – бұл құнды!».

Ерлан волонтерлік арқылы теміржолшыл-әріптестері арасынан көптеген жақсы достар тапқанын айтты. Ол волонтерлер үшін ең маңызды дағдылардың бірін – зиян келтірместен пайдалы болуды үйренді.

"Мен қызметкерлерге корпоративтік волонтерлікке тезірек қосылуды және тезірек мүлдем басқа адамдар арасында бірігу сезімін – сезінуді тілеймін".

Автор: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina


Соңғы жаңалықтар
25.12.2024 115 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 222 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
24.12.2024 208 0
Орталық Азиядағы өзгерістердің кілті – волонтерлік!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена