Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлердің жазғы мектебі 2022 аяқталды!

Волонтерлердің жазғы мектебі 2022 аяқталды!

30.07.2022 1507 0

25-29 тамыз аралығында көрікті Солтүстік Қазақстан өлкесінде Зерендіде «Волонтерлердің жазғы мектебі 2022» өтті.

Волонтерлер мектебіне еліміздің 17 аймағынан 34 волонтерлік қозғалыстың көшбасшысы қатысты. Қатысушыларды ізгі тілекпен және алғы сөзбен «Ұлттық волонтерлер желісінің» атқарушы директоры Татьяна Миронюк қарсы алды.

Мектеп қатысушылары волонтерлік негіздері мен волонтерлік жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті кілт аспектілер бойынша білім алды. Оның ішінде келесідей білім беру тармақтары болды: волонтерлікке кіріспе, волонтерліктің бағыттары мен сипаттамасы, әлеуметтік жобалар, волонтерлік команданы басқару, ресурстарды табу және бюджет, байқауларға қатысу, волонтерлік қызметті дәріптеу, саналы волонтерлік және эмоционалды шаршауды алдын алу.


Білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болашақта біріккен жобаның негізін қалаған және қатысушылар алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған жобалық және практикалық жұмыс жасау болды.

Қатысушылар тек мектеп тренерлерінен жаңа білімдерді алып қоймай, сондай-ақ өзге қатысушылардан олардың аймақтарындағы волонтерліктің ерекшеліктермен, тәжірибелерімен танысты.

Вдохновленные и обновленные участники отправились к себе домой продолжать совершать добрые дела! Каждый из участников очень разный и не похожий на другого, но есть то, что объединяет всех, это

Шабытқа толы жаңартылған білімдермен қатысушылар өз үйлеріне игі істерді жалғастыруға оралды! Бір-біріне ұқсамайтын қатысушыларымызды олардың ерекшеліктерімен өзгешеліктеріне қарамастан біріктіретін құндылық бар, бұл – ВОЛОНТЕРЛІК!

Biz birgemiz

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 163 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 174 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 181 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена