Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар SAQ–2025 байқауы басталды!

SAQ–2025 байқауы басталды!

01.11.2025 558 0

29 қазан мен 10 қараша аралығында SAQ волонтёрлік командаларының мектеп оқушыларын шығармашылық байқауға қатысуға шақырамыз 🩵

📌 Тақырыбы: қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер.
Байқау оқушыларға креативтілігін көрсетуге, білімін танытуға және мектеп пен үйді қалай қауіпсіз етуге болатыны туралы өз идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді.

💡 Номинациялар:
🔹 Қауіпсіздік тақырыбындағы комикс немесе плакат
🔹 Видеоролик немесе әлеуметтік бейнеролик (3 минутқа дейін)
🔹 Мультфильм немесе анимация (5 минутқа дейін)
🔹 Мектептегі волонтёрлік жасақ туралы презентация немесе инфографика

📬 Жұмыстар 10 қарашаға дейін aman.project.kz@gmail.com
поштасына «SAQ – 2025 байқауы» деген белгімен қабылданады.

🗳 Жеңімпаздар @saq.urpaq.kz парақшасында ашық онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
🏆 Ең үздік 10 қатысушы сыйлықтар мен дипломдар алады, ал олардың жұмыстары жобаның ресми парақшаларында жарияланады.

Қауіпсіздік туралы шығармашылықпен айтып көр!

🩵 Жоба «Chevron» энергетикалық компаниясының қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» және «Caravan of Knowledge» ұйымдарымен жүзеге асырылады.

#saqkz #chevronkazakhstan #caravanofknowlege #kz_nvs #energyofchange

Дереккөзі: @saq.urpaq.kz

Соңғы жаңалықтар
15.05.2026 1724 0
«Базалық оқыту курсы» волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн тренингке қатысуға арналған конкурс!
Толығырақ
12.05.2026 1173 0
2026 жылғы халықаралық мүмкіндіктер: БҰҰ-дағы тағылымдамалар мен бос жұмыс орындары және жаһандық бағдарламалар
Толығырақ
06.05.2026 1094 0
Корпоративтік волонтерлік – өмір салты: Мырзабек Ахметов игі істер туралы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена