Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев 2020 жылы Волонтер жылын жариялағаннан бері елімізде волонтерліктің
белсенділігі жаңа қарқынмен дами бастады. Бұл өзгерістердің бірден бір елшілері
бұл аймақтық волонтерлер фронт-офистер. Бүгін біз сіздермен Маңғыстау облысының
волонтерлер фронт-офисінің жұмысымен танысамыз.
Маңғыстау волонтерлер
фронт-офисі басқа фронт-офистермен қатар 2020 жылы қаңтар айында облыстық
жастар ресурстық орталығының жанынан құрылып, өз жұмысын бастады.
Фронт-офис жұмысы туралы
бізге Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Жастар жобалары мен
шығармашылық» бөлімінің басшысы, волонтерлер
фронт-офис жетекшісі Тәжедин Наурызгүл Жангелдіқызы айтып береді.
Наурызгүл Жангелдіқызы 1998
жылы 27 наурызда туылған. Ақтау көлік колледжін есеп және аудит мамандығы
бойынша 2017 жылы бітірді. Сол жылдан бастап Маңғыстау облысының жастар
ресурстық орталығында жұмыс жасап келеді. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму
министрінен, ҚР Ішкі істер министрінен және Маңғыстау облысының әкімінің алғыс
хатымен марапатталды.
Наурызгүл Жангелдіқызы
фронт-офис жұмысының негізгі бағыты туралы:
«Өңіріміздің волонтерлік
фронт-офисі волонтерлік ұйымдардың және бастамашыл топтардың қызметін үйлестіреді, оларға әкімшілік, ақпараттық қолдау көрсетеді».
Өңірдің тұрғындары волонтерлік және қайрымдылық бағыттағы шараларға көптеп қолдау көрсетеді. Волонтерлер қарттар үйіне, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына жиі барып, қөмек береді. Осы қолдаулар мен шаралар «Birgemiz: Qamqor» бағытының өңірде танымал екенінің айғағы.
Фронт-офис жұмыс істей
бастағалы бері қандай жұмыстар атқарылғаны туралы:
«Қаламыздағы негізгі волонтерлік
және қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырушы – «Біз адамбыз – біз біргеміз»
қоры, «Алтын Food» супермаркеттер желісі, «Forte Bank» АҚ МОФ, «МұнайТелеком»
АҚ және т.б. өндіріс және бизнес субъектілерінің қолдауымен карантин уақытында күнделікті
35 дәрігерді түскі аспен, әр сенбі сайын мекен-жайы анықталмаған 70 азаматты
ыстық тағаммен қамтамасыз етті. Ақтау қаласы мен Сайын ауылының 280 отбасына
әлеуметтік көмек көрсетуде. «Атадан мирас» ҚҚ-мен қала волонтерлері 320 мұқтаж
отбасыны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Клуб добряков» тобы
жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасы санатына жататын 230
азаматқа әлеуметтік көмек көрсетуде. Карантиндік зонада қызмет етіп жүрген
полиция қызметкерлерін ыстық тағаммен қамтамасыз етті. «Ақтау қайырымды
жандары» тобы 30 отбасыға әлеуметтік көмек, 6 отбасыға қаржылай көмек көрсетті.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің волонтерлері, кәсіпкерлер мен этномәдени
бірлестіктер 40 отбасына азық-түліктер, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етті.
МО ҚХА жанындағы аналар кеңесі әскери
қызметкерлерге 300 бетперде, «Чосон» этномәдени бірлестігі 100 бетперде
үлестірді.
Төтенше жағдай кезінде
Маңғыстаулық волонтерлер көмегімен 15000 тегін бетперде таратылды. Маңғыстау
облысының волонтерлер корпусы өңірдегі төтенше жағдай кезінде оперативті қызмет
көрсететін волонтерлік штаб құрылып, негізгі 3 бағытта жұмыс атқаруда.
Олар:
1.Ақпараттық жұмыс:
Азаматтарға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен іс-қимылдары,
коронавирустан қорғану туралы ақпараттандыру;
Қала тұрғындарына арналған
ақпараттық инфографика әзірлеу және оны тарату (маска тігушілер туралы, жеткізу
қызметі бар мейрамханалар мен дәріханалар туралы ақпарат);
Қала тұрғындарына 3000-нан
аса жадынама таратылып, аялдамалар мен ақпараттық тумбаларға, тұрғындар көп
шоғырланған орындарда 1000-ға жуық ақпараттық бетшелер жапсырылды.
2. Атаулы көмек:
Елімізде төтенше жағдай
режимі енгізілгеннен бастап, 3 сәуірге дейін волонтерлар корпусы 17 азаматқа
адрестік көмек көрсетті.
Волонтерлер «Nur Otan»
партиясының «Birgemiz» акциясында көрсетіліп жатырған әлеуметтік көмекті
азаматтарға жеткізу жұмыстарына
жұмылдырылған. Бүгінде волонтерлердің көмегімен 1732 азаматқа әлеуметтік
көмек көрсетілді.
3. Маңғыстау облысында
жүзеге асырылатын «Біргеміз: Білім» жобасына волонтерлік қолдау көрсету.
Өңірімізде сәуір айынан бастап Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясының ұйымдастыруымен «Біргеміз: Білім» жобасы бағыттарының бірі – ауылдық жердегі әлеуметтік жағынан осал топқа жататын бітіруші түлектерге арналған ҰБТ-ға дайындық курсы бастау алған болатын. Аталған курсқа облыс көлемінде 200 оқушы іріктеліп алынды. Аталған жобаны жүзеге асыруға Волонтерлар корпусының 20 волонтері атсалысты. Олар оқушылардың үй тапсырмасын уақытылы орындауын қадағалайды, оларға менторлық қолдау көрсетеді әрі бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған жұмыстарды атқарды. Сонымен қатар, өңірдегі медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету. Өңірде індеттің өршуіне байланысты аудан және қала орталықтарында провизорлық станционар ашылды, бүгінде аталған станционарларда волонтерлер қосымша қолғабыс жасауда. Волонтерлердің негізгі қызметі- науқастар мен медицина қызметкерлерінің сұранысына қарай қажеттіліктерін жеткізу».
Фронт-офис ақпараты бойынша Волонтерлер
корпусында ең жас волонтер 14 жаста, ал ең үлкен волонтерлері «Клуб Добряков» волонтерлік тобында 50 жастан жоғары жастағы
волонтерлер жұмыс жасайды.
Жақында өңір волонтерлеріне арналған эко-слет өтті. Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақмыш сайында эко-слет өтті. Оған өңірдегі жалпы және кәсіптік білім беру ұйымдарының волонтерлері қатысты. Эко-слеттің мақсаты - волонтерлердің экологиялық бастамаларына қолдау көрсету, өңір волонтерлерінің қарым-қатынасын нығайту, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Шара барысында волонтерлер мен орталық мамандары Ақмыш сайын қоқыстан тазартты. Шамамен 35 қап қоқыс жиналды. Қоқыс Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен полигонға жеткізілді. Сонымен қатар эко-слет барысында жастарға арналған тимбилдинг, түрлі ойындар мен жаттығулар ұйымдастырылды. Ал шара соңында облыс бойынша белсенділігімен көзге түскен волонтерлер "Ұлттық волонтерлік желісі" төрайымының алғыс хатымен марапатталды.
Волонтерлерді ынталандыру
және қолдау шаралары туралы:
«Өңірдегі корпоративтік
волонтерлікті және бизнес қауымдастықпен әріптестікті дамытып, волонтерлерді ынталандыру мақсатында волонтерлерге
арналған жеңілдіктер желісі іске қосылған болатын. Бұл жеңілдіктер желісі
бойынша белсенді волонтерлер өңіріміздегі ойын – сауық кешендерінің,
мәдени-спорттық орталықтардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметін жеңілдікпен
пайдалана алады. Волонтерлерге арналған жеңілдіктер желісіне «Жалын 3Д» және
«Nar Cinema» кинотеатры, «CHOCO» отбасылық мейрамханасы және т.б. кәсіпкерлер
өз қолдауын білдірді. Жыл сайын
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және фронт-офистің
ұйымдастыруымен өңір волонтерлеріне арналған «Volunteer Corps Awards» премиясы
өткізіледі.
Волонтерлік аса маңызды,
себебі ол арқылы волонтерлерді түрлі жобалар мен қызметтерге тарта аламыз. Волонтерлік
арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешеміз. Әлеуметтік, тіпті экономикалық.
Волонтерлік азаматтық қоғам құрудың алғышарты».
Волонтерлік мүмкіндіктері мәселелері, волонтерлік
бастамашыл топтардың немесе ұйымдардың кеңес алу мәселелері бойынша
фронт-кеңсемен байланысу үшін, төмендегі байланыс нөмірлері арқылы байланыса
аласыз: @mangystau_zhastary
Телефон нөмері: 8(7292)60-33-12
Мекен-жайы: 6 шағын аудан, Жастар үйі
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.