Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына
белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.
Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған
ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше
жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.
– Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз
табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік.
Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік
бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен,
антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік
құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару
операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз
жерге көшірілді.
– Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы
еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз
халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат
болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек
керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да
қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен
жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Кентау қаласында тұратын Гауһар
Шаймерден есімді оқушы қыздың ата-анасына отаншыл ұрпақ өсіріп жатқаны үшін
алғыс айтты. Ол өзі жинап жүрген қаржысын Құлсары қаласының тұрғындарына
аударған. Сонымен қатар Атырау облысының тұрғындары – тоқсаннан асқан Орынша
Тоқтыбаққызы мен Әлия Досмұханованың ерен еңбегін ерекше атап өтті. Бұдан
бөлек, Президент көмек бергені үшін бауырлас мемлекеттерге, халықаралық
компаниялар мен ұйымдарға ризашылығын білдірді.
– Нағыз достық қиындықта сыналады деп тектен-тек
айтпайды. Кейбір шетелдік азаматтар зардап шеккен адамдарға жәрдемдесу үшін
арнайы келді. Осы сәтті пайдаланып, қиын-қыстау шақта қолдау білдіргені үшін
шетелдік серіктестерімізге және достарымызға шын жүректен ризашылығымды
білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, су тасқыны кезінде халқымыз
бірлігі бекем, ынтымағы берік ел екенін көрсетті.
– Алапат су тасқындап келіп қалғанда,
отандастарымыз табиғат апатымен күресіп жатқан құтқарушыларға көмек қолын
созды. Олар су басқан аймақтарда жауапты қызмет мекемелеріне жәрдемдесіп,
жанқиярлықпен әрекет етті әрі батылдық танытты. Көбі адамдар мен жануарларды өз
көліктерімен қауіпсіз жерге алып шықты. Мыңдаған жанашыр азамат тасқын судан
қорғайтын бөген салуға қатысты. Ортақ күш-жігердің арқасында біз жағдайдың
ушығып кетуіне жол бермедік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өздерін нағыз
отаншыл әрі жауапты азамат ретінде көрсеткен еріктілердің еңбегін жоғары
бағалап, оларды қазіргі заманның батырлары деп атады.
– Мен еріктілер қозғалысының дамуына айрықша мән
беремін. Өздеріңізге мәлім, 2020 жылды Волонтер жылы деп жарияладым. Осы уақыт
ішінде еліміздегі волонтерлік қызмет мүлде жаңа деңгейге көтерілді.
Еріктілердің күш-жігерінің арқасында маңызды бастамалар мен жобалар жүзеге
асты. Ең бастысы, біз адамдардың мемлекет пен қоғам өміріне араласуға, адами
құндылықтар мен қасиеттерге сай болуға деген ниетін ояттық. Еліміздегі
жан-жақты жаңғырулардың қозғаушы күші – адам. Қолға алынған ауқымды реформалар
табысты жүзеге асу үшін еліміздің барша азаматы күш біріктіруі қажет екеніне
сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент баспанасыз қалған адамдарға «Қазақстан
халқына» қорынан тұрғын үй салуға қаражат бөлінгенін айтты. Жалпы, 2200-ден
астам үй салынады. Сондай-ақ 10 мыңға жуық баспана күрделі жөндеуден өтеді.
– Тасқынның зардабын жоюға бірқатар кәсіпкеріміз
қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іспен
дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіпкерлік дегеніміз – осы.
Әрине, қалыс қалған кәсіпкерлер де аз емес, олардың кім екенін де жақсы
білеміз. Біз ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Әркім өз таңдауын жасады, – деді
Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне
жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді.
– Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни
барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл
мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық
қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни
тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше
Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным
тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары
арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы
нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми
органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға
дайын екенін айтқым келеді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, апат
салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.
– Баршаңызға мәлім, қазір «Таза Қазақстан» акциясы
басталды. Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Оның түпкі мәні –
ұлтты ортақ іске ұйыстырып, елімізді көркейте түсу, халқымыздың жаңа
экологиялық сана-сезімін дамыту. Бұған, ең алдымен, өздеріңіз сияқты адал
азаматтар ұйытқы болады. Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан
ұмытылмайды. Сондықтан бүгінгі марапатты халықтың сіздерге деген зор алғысы деп
қабылдаған жөн, – деді Президент.
Марапаттау рәсімінде «Зағиптар арманы» мүгедектер
қоғамдық бірлестігінің іс жүргізушісі Әлия Досмұханова, «Основание»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экскаваторшысы Владимир Царик және
«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының су беруді
реттеушісі Шыңғыстау Әбдиев сөз сөйледі.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы
шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам
белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды,
сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.