Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордалық оқушылар өздерінің волонтерлер клубын құрып, игі істер жасауда

Елордалық оқушылар өздерінің волонтерлер клубын құрып, игі істер жасауда

12.04.2022 1195 0

Бүгін біз сізге Нұрай және оның өткен жылдың желтоқсан айында ЮНИСЕФ Қазақстан және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ біріккен «Бала құқықтары жөніндегі клубтар» волонтерлік бағдарламасы шеңберінде құрылған «Qoldau» волонтерлік клубы туралы айтып беретін боламыз.

Нұрай Жансерікова 15 жаста, мектепте оқиды, бимен айналысады және кітап оқуды жақсы көреді. Сондай-ақ волонтерлікпен белсенді айналысады, оның волонтерлік қызметінің қисынды жалғасы өзінің волонтерлік клубын құру болды.

Нұрай, өзінің волонтерлер клубын құру туралы:

«Мен 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап волонтер болдым, содан кейін біздің мектептің меңгерушісі маған өзімің волонтерлер клубымды құру идеясын ұсынды, мен қуана келістім. Себебі бұған дейін волонтерлер клубын ашқым келді. Ғаламның біздің ойларымызды күтпеген жерден шындыққа қалай айналдыруы таңқаларлық, әрине, біздің көмегімізбен.

Менде қорқыныш пен күмән болған жоқ. Мен клуб үшін жауапкершілікті өз мойныма алудан қорықпаймын, өйткені бұрын ұйымдастырушылық қызметпен жиі айналысатын едім және әр жолы тренингтер мен қайырымдылық акцияларын/сапарларды үлкен қызығушылықпен ұйымдастырамын».

Нұрай айтқандай, клубтың атауы да саналы түрде таңдалды. «Qoldau» қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда «Поддержка» деген сөзді білдіреді.

«Біздің клуб пікірлестерді біріктіреді, біз барлығымыз өз әрекеттерімізбен оң өзгерістер жасағымыз, осы үдерістерге біздің қоғамға қолдау көрсеткіміз келеді.

Біз экологиялық білім, адам құқығы сияқты түрлі тақырыптарға көптеген тренингтер өткіздік. Ал жақында біздің топ балалар үйіне барды. Концерттік бағдарлама дайындап, өткіздік. Біз балалармен сөйлестік, бұл біздің сапарымыздың ең жақсы бөлігі болған шығар. Ал кетер алдында балаларға шағын сыйлықтар берілді».

Нұрай, волонтерлікпен айналысуға деген ынтасы туралы:

«Мен қанағат пен бақыт аламын. Біз істеген істер адамдарда күлкі мен қуаныш бейнесі ретінде көрінгенде, ол тек жылу әкеледі және осы қызметпен одан әрі айналысуға ынталандырады».

Кәмелетке толмағандар волонтерлікпен айналысқан кезде волонтерлік құрамы бойынша балалар волонтерлігі ретінде айқындалатынын атап өткіміз келеді. Соңғы жылдары балалар волонтерлігі белсенді дамып келеді, өйткені мектеп оқушылары үшін волонтерлік көптеген мүмкіндіктер береді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: командада жұмыс істеу дағдылары; болашақ мамандықтың көптеген түрлі функционалдық міндеттерін және басқаларын байқап көру мүмкіндігі. Оқушылар құрған және күн сайын жұмыс істейтін волонтерлер клубтары көбейіп келеді.

@qoldau_qss

Авторы:  Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 238 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1051 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2940 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена