Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Өңірлердегі волонтерлерді оқытатын республикалық семинар басталды

Өңірлердегі волонтерлерді оқытатын республикалық семинар басталды

15.07.2024 1463 0

Өңірлік фронт-офистер волонтері мен амбассадор-өкілдерін оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған республикалық семинарға еліміздің барлық аймағынан 60 волонтер қатысты.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық волонтерлік желісі ұйымдастырды.

Екі күн ішінде семинарға қатысушылар волонтерлік салада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті білім мен тәжірибелі дағдылармен және 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының стратегиялық мақсат-міндеттерімен, сонымен қатар өңірлік фронт-офистердің жұмысын үйлестіретін әдістемелік ұсынымдармен танысты.

«Воркшоптар мен секциялар арқылы қатысушылар жергілікті жерлерде волонтерлікті қолдау және дамыту стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ үздік өңірлік тәжірибелерді іске асыру дағдыларын меңгереді. Волонтерлік амбассадор-өкілдер өздерінің рөлдері мен өңірлік фронт-офистермен өзара байланыс әдістерін терең түсінуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров.

Семинар қатысушылардың волонтерлік қозғалыс пен әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал ете отырып, алған білімдерін күнделікті қызметінде қолдануға мүмкіндік береді. Оқудан соң  қол жеткізілген нәтижелерге талдау жасалады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 135 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 125 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 167 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена