Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Өңірлердегі волонтерлерді оқытатын республикалық семинар басталды

Өңірлердегі волонтерлерді оқытатын республикалық семинар басталды

15.07.2024 1529 0

Өңірлік фронт-офистер волонтері мен амбассадор-өкілдерін оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған республикалық семинарға еліміздің барлық аймағынан 60 волонтер қатысты.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық волонтерлік желісі ұйымдастырды.

Екі күн ішінде семинарға қатысушылар волонтерлік салада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті білім мен тәжірибелі дағдылармен және 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының стратегиялық мақсат-міндеттерімен, сонымен қатар өңірлік фронт-офистердің жұмысын үйлестіретін әдістемелік ұсынымдармен танысты.

«Воркшоптар мен секциялар арқылы қатысушылар жергілікті жерлерде волонтерлікті қолдау және дамыту стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ үздік өңірлік тәжірибелерді іске асыру дағдыларын меңгереді. Волонтерлік амбассадор-өкілдер өздерінің рөлдері мен өңірлік фронт-офистермен өзара байланыс әдістерін терең түсінуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров.

Семинар қатысушылардың волонтерлік қозғалыс пен әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал ете отырып, алған білімдерін күнделікті қызметінде қолдануға мүмкіндік береді. Оқудан соң  қол жеткізілген нәтижелерге талдау жасалады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
15.03.2026 167 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Read more
13.03.2026 181 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Read more
06.03.2026 189 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена