Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!

02.05.2024 1894 0

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - МАМ) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.

Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.

Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады: (87172) 740674. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру ережелері туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы білуге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029542.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/761985?lang=kk

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена