Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!

02.05.2024 1697 0

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - МАМ) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.

Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.

Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады: (87172) 740674. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру ережелері туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы білуге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029542.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/761985?lang=kk

Last news
07.01.2026 73 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Read more
08.12.2025 248 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 249 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена