Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім беру басталды

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім беру басталды

01.07.2025 812 0

Бүгін, 1 шілдеден бастап, үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.

Соңғы 8 жыл ішінде 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге атсалысып, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді араласып, өз ісінде көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешіп, жаңашыл идеяларды белсенді жүзеге асыратын болса, онда сізді үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk 

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.

          ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар
07.01.2026 115 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 263 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 271 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена