Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Теңіз Жүрегі – ізгіліктің бастауы

Теңіз Жүрегі – ізгіліктің бастауы

03.03.2023 1085 0

Әрбір айда біз еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі волонтерлік жобаларды іздеп сіздермен бірге қарастырудамыз. Бүгін еліміздің батысына бет бұрып атыраулық волонтерлердің жаңа жобасымен таныстық.

Корпоративтік волонтерлікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында 2023 қаңтар айынан бастап «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры волонтерлері «Теңізшевройл» ЖШС-ның қаржылық қолдауымен «TENIZ JUREGI» жобасын іске асыруда.

Жоба «Волонтер болу – Ізгіліктің белгісі» деген ұранмен бастау алып, жергілікті қауымдастықты жандандыру мақсатын өзіне алды.

Жексенбаева Рысты, «TENIZ JUREGI» жобасы жетекшісінің айтуынша, қордың негізгі бағыты қайырымдылық болғандықтан, волонтерлер бұл бағытты әрі қарай дамытып, жаңа деңгейге шығаруды қалайды. Қазір жоба аясында бұрын болмаған тегін ағылшын тілін дамыту курстары, қайырымдылық дүкені және өзге де тың идеялар өмірге келді.

«Жобамыз енді-енді жұмысын бастап жатқасын айтарлықтай қиыншылыққа тап болмадық. Бірақ Құлсары қаласында қиындау сәттер орын алды. Ол волонтерлердің саны. Жергілікті шарамызға волонтерлерді Теңіз кен орынынан шақыратын болғандықтан, кей кездері олар жұмыстан босай алмай қалады немесе ауа райына байланысты Құлсары қаласына жету қиынға соғатын еді. Дегенмен, уақытылы коммуникация арқылы, командамызбен әрдайым ақылдасу арқасында көптеген мәселелерді шешіп және қиыншылықтарды алдын алдық».

Бұл жобаның мақсаты «Теңізшевройл» компаниясы қызметкерлерін волонтерлікке баулу болғандықтан волонтерлермен кездесулер өткізілді.

«Жобамыз туралы ақпарат беріп, алдағы уақытта орын алатын іс-шаралармен бөлісіп, жоспарымызды жеткізіп, сұрақ-жауап және әңгімелесу арқылы бір-бірімізді танып, еркін форматта әдемі кездесу болды. Волонтерлердің жанып тұрған көздері, эмоциялары естен кетпес бір сәт болды.

Қандай да бір жобаның болашағы бірге жасайтын адамдарға және қолданатын құралдарға байланысты. Менің командамда креативті, өнерлі, адал, еңбекқор жандар. Осындай адамдармен жобамыздың болашағы жарқын және аяғына нық тұрған жоба ретінде көремін. Онымен қоса біздің жоба арқылы мыңдаған волонтерлеріміз көптеген жандардың жүзіне күлкі, жанына қуаныш сыйлайды деп сенемін».

Өзінің волонтерлік жолында жинақталған тәжірибе негізінде Рысты бізбен өз бастамаларын енді асыра бастаған волонтерлерге яки бастамасы алдында қорқыныш сезіміне тап болған көшбасшыларға кеңес берді:

«Бірнәрсе үйлеспей, қолдан дым келмейтіндей көрінетін кездер болады. Күмәнданбаңыз және алға қарай жүріңіз. Ештеңеден қорықпаңыз, әсіресе қателесуден. Ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді. Сіз жоспарлаған нәрсені жасамайынша, сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі қандай болатынын ешқашан білмейсіз. Және бұл әдетте ең басында ғана қорқынышты. Өнерлі адамдарды іздеңіз және ұстаңыз. Көшбасшы қаншалықты өнерлі болса да, кез-келген жобаның сәттілігі оның командасына байланысты. Илон Масктың Teslaсында АҚШ-тың ең жақсы инженерлері жұмыс жасамаса, орнына арнайы дағдылары мен қабілеттері жоқ адамдар басқарса, көлігін жасап, сәтті сатуы екіталай еді. Сондықтан өнерлі жандарды тануды үйреніп, командаға үздіктерді жинаңыз».

Авторы: Александра Крашинина @alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 744 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2745 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1282 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена