Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы жалғасуда!

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы жалғасуда!

28.08.2024 1684 0

Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17. 

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 167 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 181 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 189 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена