Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы жалғасуда!

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы жалғасуда!

28.08.2024 1802 0

Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17. 

Last news
22.07.2026 3159 0
Қазақстанның үкіметтік емес волонтерлік ұйымдарының деректерін жаңарту жүргізілуде
Read more
17.07.2026 1947 0
Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті
Read more
15.07.2026 2230 0
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена