Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Игі істі бөліс» республикалық флешмобына қосылыңыз!

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобына қосылыңыз!

30.01.2025 1691 0


Біз әлемді мейірімді ету үшін барлығымызды шабыттандыратын ерекше бастаманы жүзеге асыруға асықпыз!

Сен көршіңе көмек көрсетіп, досыңды қолдап, табиғатқа қамқорлық танытып немесе жай ғана өтіп бара жатқан адамға күлімсіреген боларсың? Бұл да – игі іс! Осы сәтті бізбен бөлісіп, жақсылықтар тізбегінің бір бөлігі бол! 😍

Не істеу қажет?

1️⃣ Өзіңнің игі ісің туралы пост жарияла.

2️⃣ Эмоцияларыңмен бөліс, сипаттамасын жазып, басқаларды шабыттандыр.

3️⃣ #ИгіІстіБөліс #ПоделисьДобром хэштегтерін пайдалан. 

4⃣ Игі істер толқынын тоқтатпай, достарыңды да қатысуға шақыр!

📱 Сонымен қатар, біздің stories-тағы шаблон арқылы республикалық флешмобқа қатысу мүмкіндігі бар 🤩

‼ Жасына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез-келген адам қатыса алады.

Өзгелерге үлгі бол!

Игі іспен бөліс және әрбір ісің басқаларға шабыт берсін! ❤️

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 5374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 5246 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 4593 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена