Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Игі істер марафонына қосылыңыздар!

Игі істер марафонына қосылыңыздар!

05.09.2025 903 0

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні!

Бұл күн – баршамызды біріктіретін мереке, себебі әрбір тіл – тек сөз ғана емес, ол халықтың мәдениеті, тарихы мен жүрегі. Осы күні біз еліміздегі тілдердің байлығы мен алуан түрлілігін дәріптеп, дәстүрге құрметімізді арттырамыз әрі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің дамуына қолдау көрсете аламыз.

Ең маңыздысы – әркім өз үлесін қоса алады! Бұл күн – үлкен өзгерістерге бастайтын кішкентай қадам жасауға мүмкіндік: қазақ тілін қолдау, ата-бабамыздың тілдерін сақтау және бірліктің бастауын өз тамырымызға деген құрметтен бастау алатынын көрсету.

Қалай қатысуға болады?

Игі істерді жүзеге асыру (Игі істер күнтізбесіне сәйкес немесе кез келген бағытта);

Әлеуметтік желіде хэштегтер мен ұранды қолданып, игі істерді жариялау;

Сілтеме бойынша Google-форма арқылы анкетаны толтыру https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf9YPhlW6-zZRLZdJHLOLJ7rV24rP0mh3LoMWNS-DNF21uaQg/viewform

Хэштег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025

Ұран: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие шаги – большие перемены!

Игі істер марафонына қосылыңыздар! 💙

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
22.07.2026 3233 0
Қазақстанның үкіметтік емес волонтерлік ұйымдарының деректерін жаңарту жүргізілуде
Толығырақ
17.07.2026 1995 0
Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті
Толығырақ
15.07.2026 2295 0
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена