Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасының волонтерлері мерекелік рейд жұмыстарын жүргізді!

«Жеңіс» жобасының волонтерлері мерекелік рейд жұмыстарын жүргізді!

22.03.2023 849 0

Волонтерлік рейдтер кезінде ең маңыздысы не деп ойлайсыз?
Әрине, өмірдің бай тәжірибесін тыңдай білу әрқашан шыдамды тыңдаушыны қажет етеді, ал біздің волонтерлер дәл осындай тыңдаушылар! Қамқор, мұқият және жанашыр волонтерлер!

Тарихта таңбаланып қалған Ұлы Жеңісті жақындатуда ерен ерлік көрсеткендер қатарында тек майдан даласында ерлік көрсеткен аталарымыздың есімдері ғана емес, тылда еңбек еткен ата-әжелеріміз де бар.

Бүгінгі ұрпақ оның мәнін жете түсінеді. Өйткені, бізге дәл қазіргі тыныштық пен бейбіт өмір ержүрек ата бабаларымыздың қанымен келгенін ешқашан естен шығармайды. Аталарымыз майданға аттанғанда, олардың құрыш білегімен атқарылған шаруа тылда қалған аналар мен бозбалалардың иықтарына түскені белгілі. Яғни, майдан мен тылдың біртұтас қимыл әрекеті Ұлы Жеңісті әкелді!

Осы орайда, көктемнің құлпырып жеткен  Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекесінде «Жеңіс» жобасының волонтерлері ардақты ардагерлерімізге өздерінің азық-түлік себеттерін табыстап, әңгіме дүкен құрып қайтты. Гүлнара, «Жеңіс» жобасының волонтері:

«Ардагерлеріміздің көзінен қуаныш сезімін көру - керемет сезім! Жоба арқасында қаншама тарихи қызықты оқиғаларды біліп, ардагерлермен бірге қайта естеліктерге шолу, біз үшін үлкен мәртебе. Жоба волонтері болып кіргеніме ешқашан өкінген емеспін».

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ іске асыруда.

Дереккөзі:
https://www.instagram.com/p/CqE_3nDKjYh/

Соңғы жаңалықтар
17.09.2025 44 0
«ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығына байқау басталды!
Толығырақ
14.09.2025 78 0
Игі істер марафоны жалғасуда!
Толығырақ
12.09.2025 3092 0
Ауылдық жерлердегі волонтерлік: кедергілерді қалай еңсеруге болады?
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена