Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Игі істер марафонын» қолдап, әлемді бірге жақсылыққа жетелейік!

«Игі істер марафонын» қолдап, әлемді бірге жақсылыққа жетелейік!

31.03.2025 1176 0

Достар! 1 сәуірде біз Халықаралық құстар күнін атап өтеміз – бұл мереке бізге табиғатты сақтау мен құстарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады  🕊️🦜

Бұл күні көптеген игі істер жасауға болады! Құстарға азықтануға көмектесу үшін қоректендіргіштер мен суарғыштарды іліп қойыңыз немесе олар үшін қауіпсіз үй болатын жайлы құстар ұясын жасаңыз.  Сіз саябақта сенбілік ұйымдастыра аласыз, орманды немесе өзен жағасын қоқыстан тазарта аласыз, өйткені таза қоршаған орта - құстардың әл-ауқатының кепілі 🌳

Сондай-ақ, білім беру іс-шараларын өткізуге, балалар мен ересектерге құстардың таңғажайып әлемі туралы әңгімелеуге, әлеуметтік желілерде пайдалы ақпаратпен бөлісуге, тіпті құстарды бақылайтын экскурсияға баруға болады. Айтып өткеніміздей, игі істерде шектеу жоқ!

Қалай қатысуға болады?

1 Игі істерді жүзеге асыру (Игі істер күнтізбесіне сәйкес немесе кез келген бағытта);

2 Әлеуметтік желіде хэштегтер мен ұранды қолданып, игі істерді жариялау;

3 Cілтеме бойынша aнкетаны толтыру: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf9YPhlW6-zZRLZdJHLOLJ7rV24rP0mh3LoMWNS-DNF21uaQg/viewform

Хэштег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025

Ұран: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие шаги–большие перемены!

Әрбір игі іс бізді табиғатпен үндестікке жақындатады! «Игі істер марафонын» қолдап, әлемді бірге жақсылыққа жетелейік! 💙

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
26.02.2026 123 0
Жүрекпен тоқылған жылу: күміс волонтер Елена Коробкованың оқиғасы
Толығырақ
23.02.2026 113 0
Волонтерлік және технологиялар: заманауи технологиялар волонтерлерге волонтерлік қызметті ұйымдастыруда қалай көмектесе алады
Толығырақ
18.02.2026 181 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена