Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Павлодарда «Жыл волонтері» халықаралық байқауының жеңімпаздарын, БҰҰ волонтерлер бағдарламасының 50 жылдығына орай бекітілген сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Павлодарда «Жыл волонтері» халықаралық байқауының жеңімпаздарын, БҰҰ волонтерлер бағдарламасының 50 жылдығына орай бекітілген сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі өтті

02.12.2021 898 0

Павлодар Қазақстанның ең белсенді волонтерлерін, волонтерлер ұйымдардың мүшелерін, шетелдік волонтерлер ұйымдарының өкілдерін және Қайырымды істер марафонының қатысушыларын біріктірді.

2 желтоқсанда Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында 6 аудитория жұмыс істеді. Іс-шарада волонтерлер мен іс-шараға қатысушылар үшін бір уақытта шеберлік сыныптары мен ворк-шоптар өткізілді. Алаңдарда «Ұлттық Делфий комитеті» КҚ директоры, «Ерекше актерлер театры» мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі оқу құралының авторы Құралай Түспекова, коммуникация жөніндегі маман Әлішер Елікбаев, медицина докторы, биолог, ғылыми популяризатор және «MedSupportKZ» ҚҚ дәрігерлері мен ғалымдары қауымдастығының басшысы Ботагөз Каукенова және басқалар дәріс оқыды. Тыңдаушылар үшін менторлар мен тренерлер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде «Экология өмір салты ретінде», «Этно бағыттағы жобалар», «Төтенше жағдайдағы волонтерлік», «Фандрейзинг», «Инклюзивті қоғамдастық», «ERG КӘЖ көшбасшысы ретінде», «Коммерциялық емес секторға арналған маркетинг», «Жобалық басқару», «Гранттық қаржыландыру», «Халықаралық волонтерлік», «Инклюзивті театр», «Волонтерлік желілерді ұйымдастыру», «Медицинадағы волонтерлік» тақырыптарында дәрістер мен тренингтер өткізді.

Сонымен қатар, іс-шарада «Жыл волонтері» халықаралық байқауының жеңімпаздарына, сондай-ақ БҰҰ волонтерлер бағдарламасының 50 жылдығына орай бекітілген сыйлықтың иегерлеріне құрмет көрсетілді.

Жылдың үздік волонтерлерін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов құттықтады.

«Қазіргі заманда волонтер болу – ерлікпен тең. Волонтерлердің арқасында қоғамның ең өзекті әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіліп, қоршаған ортамыз күн сайын жақсаруда. Бұл қанымызға сіңген асыл қасиеттеріміздің сарқылмағанын көрсетеді. Сіздердің қоғамдық қызметтеріңіз алдағы уақытта волонтерлік саласын заңғар биіктерге шығаратынына сенімдіміз. Айтулы сәтті пайдалана отырып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын», - деді Болат Тлепов.             

Вице-министр, сондай-ақ, волонтерлерді қолдау бағытында мемлекет жүргізіп жатқан жұмысқа да тоқталып өтті.

«Өздеріңізге мәлім, Президент нұсқауы бойынша үш жылға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасы қабылданды. Сонымен бірге, волонтерлікті қолдау Стандарты мен Волонтерлерді арнайы даярлау бағдарламасы әзірленуде. Волонтерлікті ынталандыруға бағытталған бірқатар заңнамалық жаңашылдықтар Парламентте қаралып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар волонтерлікке деген қызығушылықты оятып, әрбір азаматтың бойына туған еліне деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыруға бағытталады.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында еліміздің болашағы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген барлық волонтерлерге толағай табыстар тілеймін», – деп түйіндеді сөзін ол.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы Лима Диас волонтерлердің қызметі елдегі өзара көмек мәдениетін дамыту үшін өте маңызды екендігін атап өтеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының арқасында 2020 жылы атап өтілген волонтерлер жылы еліміздің барлық волонтерлік ұйымдары белсенді ат салысқан «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы түрінде қисынды жалғасын тапты. Бүгін бәріміз бірге жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген жаңа қоғам құрып жатырмыз. Бұл қоғамда әр қазақстандық жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өмірінің бір бөлігіне жақсылық жасауға ұмтылады», - деді ол.

Айта кетейік, «Жыл волонтері» – әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған Халықаралық сыйлық.

Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер қатыса алды.

Байқау қорытындыларына сәйкес «Үздік волонтерлік ұйым» атағына «ASAA» Шымкент қаласының Аccess түлектері» ЖҚБ, «JasStar» волонтерлік желісі (Қарағанды облысы), «Жерұйық Кеген жастары» ҚБ (Алматы облысы) ие болды. Әлия Сәтбаева (Алматы облысы), Диана Иконникова (Шымкент), «Іле жүрегі» волонтерлер тобы (Алматы облысы), Жандос Әбдіжаппаров (Алматы облысы) «Корпоративтік волонтерліктің көшбасшылары» атанды. «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін» халықаралық сыйлықпен Қайсар Қарқын (Нұр-Сұлтан), Тамерлан Тұрсынбеков (Қарағанды), Саят Қанатұлы (Алматы облысы) марапатталды. «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары» болып Диляра Беғалықызы (Алматы), Данил Цой (Бішкек), «Добрая планета» ҚҚ (Петропавл) танылды. «Ең үздік әлеуметтік көмекшілер» деген атаққа «Дар» ҚҚ (Нұр-Сұлтан), Жанерке Бексейітова (Талдықорған), «Астана Қайырымды Жандары» ҚБ (Нұр-Сұлтан) ие болды. Дастан Ерубаев (Алматы облысы), «Үміт» волонтерлер тобы (Алматы облысы), Әлібек Мұса (Алматы облысы) «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» сыйлықты еншіледі. «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» марапатын Матвей Шведин (Талдықорған), «Дос» іздестіру-құтқару жасағы (Қостанай) және «Астана волонтерлері» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша LIDER.KZ ҚБ ие болды. Халықаралық сыйлықты «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» Баян Медеубаева (Алматы облысы) алды. «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін» марапатына «Медицина жастар» РҚБ (Нұр-Сұлтан), Дана Бектұрғанқызы (Алматы облысы), Мадина Совет (Алматы облысы), Әйгерім Пономарева (Алматы облысы) лайық деп танылды. «Мейірім-2020» волонтерлер қозғалысы (Талдықорған), Екатерина Ушакова (Шымкент), Индира Исабаева (Алматы) «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» сыйлығымен марапатталды. «Білімді насихаттауға қосқан үлесі үшін» сыйлығын Ұлжан Ботбаева (Алматы облысы), Дамир Нұркежанов (Алматы облысы), Сандуғаш Аманқұл (Шымкент), «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» сыйлығын Мария Горбачева (Семей), Руфина Усанова (Талдықорған), Мөлдір Тілеубай (Алматы облысы) алды. «Актобе, дыши» қозғалысы (Ақтөбе), «EcoArsu» волонтерлер клубы (Ақтөбе), Диана Мырзағалиева (Нұр-Сұлтан) «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін» марапатына ие болды. «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлықпен «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағы» ҚБ, Әмина Қаржаубаева (Алматы облысы), Гүлзат Мәметнұрқызы (Қарағанды облысы) марапатталды. «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» Вероника Гузенко (Талдықорған), «Мейірімді қол» жануарларға көмек көрсетуге арналған қоғамдық қайырымдылық қоры (Павлодар), Ләззат Құлбаева (Ақмола облысы) марапатты еншіледі. «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» сыйлығымен Әсет Сұлтанұлы (БҚО), Сергей Курилов (Қарағанды), Солтүстік Қазақстан облысындағы Тахмеов ардагерлер кеңесінің жанындағы «Серебряный волонтер» тобы (Петропавл) марапатталды.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Ол Eurasian Resources Group қолдауымен «Қайырымды істер марафонының» жалпыұлттық жоба аясында өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/294962?lang=kk 



Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена