Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ивент-волонтерлердің лайфхактары

Ивент-волонтерлердің лайфхактары

28.06.2024 1555 0

Ивент-волонтерлер конференциялар мен фестивальдерден бастап қайырымдылық акциялары мен спорттық жарыстарға дейін әртүрлі әлеуметтік мәнді іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде маңызды рөл атқарады. Олардың құлшынысы, адалдығы және мейірімдігі іс-шараларды жарқын және сәтті етеді. Бұл мақалада біз волонтерлердің маңыздылығына көреміз және олардан ивент-волонтерлерге арналған пайдалы кеңестерді білеміз.

Ивент-волонтерлер қосымша қолдауды көрсетіп және барлық іс-шараларды бірқалыпты өткізуге ықпал етіп, негізгі персоналдың жүктемесін жеңілдету арқылы көмектеседі. Волонтерлер қатысушылар, келушілер және ұйымдастырушылар үшін маңызды - жылы және мейірімді ниетті жағдай жасады.

Сол волонтерлердің бірі — Астана қаласынан Жумагулова Сабина. Алғашқы рет ол 2022 жылы IronMan-де ивент-волонтер болған.

«Мені досым волонтер болуға шақырды, бұл менің алғашқы іс-шарам болды, онымен менің волонтерлік жолым басталды. Мектепте маған әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру ұнайтын. Волонтерлік дегеннің не екенін біліп, алғашқы жобаларға қатысқаннан кейін, мен бұл шынымен де жасағым келетін нәрсе екенін түсіндім».

IronMan 2022-де мен тобым ішінен белсенді болдым, супервайзерлер мені көріп қалды және маған топты беріп, басқа жерде тим-лидер етіп қойды. Өйткені бұл ең алғашқы іс-шара болды, мен үшін бұл өте қуанышты, сүйсінерлік және күтпеген болды, ал мен өз кезегінде сенімді ақтауға тырыстым».

Ивент-волонтерлердің іс-әрекеті с-шараны насихаттауға, ол туралы ақпарат таратуға және жаңа қатысушыларды тартуға көмектеседі. Волонтерлердің арқасында іс-шарадағы міндеттер тиімдірек және ұйымдасқан түрде орындалады, бұл барлық кезеңдердің сәтті аяқталуына ықпал етеді.


«⁠Марафондар және IronMan-ден бастап, әртүрлі форумдар және халықаралық конференцияларға дейін мен волонтер болдым және көмектестім. Көбінісе мен іс-шараларда тим-лидермін/супервайзермін. Менің міндеттеріме волонтерлерді тарту, іс-шарамен таныстыру, нұсқама жүргізу, өкілеттіктерді табыстау және волонтерлердің қөніл күйі мен дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасау жатады».

Ивент-волонтерлік көп дағдыларды дамытады, оларға әлеуметтік жауапкершілік және ынтымақтастық жатады. Ол мейірімдік және ниеттестік құндылықтарын қалыптастырады.

«⁠Волонтерлік менің сүйікті ісіме айналды. Оқу барысында мен айына кем дегенде бір іс-шараға қатысуға тырыстым, ал жазда мен барлық іс-шараларға белсенді қатысамын. Ивент-волонтерлерге үшін жауапкершілік, қарым-қатынас, жауаптылық, мейірімділік және бастамашылық өте маңызды. Өйткені біз тек қана іс-шаралардың ұйымдастыруына ғана көмектеспейміз, біз оған қоса әлеуметтік міндеттерді шешеміз.

Волонтерлік маған жаңа достар табу, білім өрісін кеңейту, дағдыларымды дамытуға көмектесті. Жақсы естеліктер қалыптастырып, болашақта мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Волонтер болғысы келетіндерге мен айтқым келеді: алға! Қоғамға пайдалы болып қана қоймай, сіздің өміріңізге жаңа өзгерістер әкелетін нәрсені бастау ешқашан кеш емес. Жаңа идеяларды ұсыныңыз, дағдыларыңызды көрсетіңіз, белсенді болыңыз. Егер волонтерлік болмаса, қазір менің өмірім мүлдем басқаша болар еді және мен сол кезде бастағаныма өте қуаныштымын".

Әр іс-шараларда, волонтерлікте де көптеген ерекшеліктер бар. Біз оқиға волонтерлерінен осы саладағы жаңа бастаған волонтерлермен өз тәжірибелерінен қандай лайфхактарымен бөліскісі келетіні туралы сұрадық:

1. Белсенді болыңыз. Қажет жерде көмектесіңіз.

2. Икемді болыңыз. Іс-шара жоспары кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Тосынсыйлармен сәтті күресу үшін икемді және бейімді болыңыз.

3. Зерделі болыңыз. Ұйымдастырушылардың нұсқаулықтарын зер салып тыңдаңыз және сұрақтарыңыз болса, байланысқа шығыңыз. Тапсырмаларды түсінуге деген сенімділік сізге тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.

4. Контактілер желісін жасаңыз. Әріптестермен, басқа волонтерлермен және іс-шараға қатысушылармен танысыңыз. Контактілер желісін құру сізге болашақта көмектеседі және байланыстарыңызды нығайтады.

5. Бастама көтеріңіз. Егер сізде қандай да бір процесті жақсарту немесе оңтайландыру туралы идеяларыңыз болса, оларды топпен бөлісіңіз. Сіздің ұсыныстарыңыз іс-шараны ұйымдастыру үшін құнды болуы мүмкін.

6. Қауіпсіздікке назар аударыңыз. Іс-шараны өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыз. Төтенше жағдайда нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз және сабырлы болыңыз.

7. Уақытты басқарыңыз. Барлық тапсырмаларды орындауға және сіздің әл-ауқатыңызға қамқорлық жасауға уақытыңызды жоспарлаңыз. Демалуға және қайта зарядтауға уақыт бөліңіз. Өзіңізге қамқор болыңыз.

8.  Пайда әкеліңіз. Іс-шараға қандай пайда әкелетініңізге назар аударыңыз. Өз міндеттеріңізді жауапкершілікпен қабылдаңыз және ортақ мақсаттарға жетуге тырысыңыз.

9. Команда ойыншысы болыңыз. Командада басқа волонтерлермен және ұйымдастырушылармен жұмыс жасаңыз. Әріптестеріңізге қолдау көрсетіңіз, оларға көмектесіңіз және ортақ мақсаттарға жету үшін әрекеттерді үйлестіріңіз.

10. Процестен ләззат алыңыз. Іс-шарадан ләззат алуды ұмытпаңыз! Өз үлесіңізге қуаныңыз, алған тәжірибеңізді бағалаңыз және сіздің қатысуыңыз оқиғаны одан да жақсырақ ететінін есте сақтаңыз.

Ивент-волонтерлер іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде баға жетпес рөл атқарады, бұл оларды сәтті, әсерлі және есте қаларлық етеді. Олардың ынта-жігері, адалдығы мен еңбекқорлығы жағымды атмосфераны құруға, команданың жұмысын жақсартуға және қайырымдылық пен ынтымақтастықтың құндылықтарын сақтауға ықпал етеді. Волонтерлер іс-шараларға қатысу арқылы іс-шараларға пайда әкеліп қана қоймай, өздерін жаңа тәжірибелермен, дағдылармен және әлеуметтік жауапкершілік пен коммуникация құндылықтарымен байытады.

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
01.12.2024 154 0
Келесі жылды қалай ерекше етуге болады?
Толығырақ
01.12.2024 163 0
Мәдени мұраны сақтау саласындағы волонтердің хикаясы
Толығырақ
01.12.2024 447 0
Халықаралық волонтерлер күні: волонтерліктің маңызы, тарихы және құндылығы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена