Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарттар белсенділігі орталығындағы іс-шаралар: волонтерлер аға буынның білім алуына, дамуына және қолдау сезінуіне қалай көмектесуде

Қарттар белсенділігі орталығындағы іс-шаралар: волонтерлер аға буынның білім алуына, дамуына және қолдау сезінуіне қалай көмектесуде

01.11.2025 9888 0

Астана қаласының Қарттар белсенділігі орталығы – бұл өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа және жаңа білімге кедергі болмайтын кеңістік. Ал осы процесте волонтерлердің рөлі ерекше. Бүгінде Орталықта 6 волонтер жұмыс істейді, олар апа-аталар үшін апта сайын сабақтар өткізеді: смартфонды үйрену, ағылшын тілі, арт-терапия және басқа да оқыту бағдарламалары.

Волонтерлер жұмыс істеген уақыт ішінде: 87 сабақ өткізілді, 852 қатысушы қамтылды, – және ең маңыздысы, сенімге толы, жылы және сыйластыққа негізделген атмосфера қалыптасты.

«Сабақтарға рахмет, бәрі түсінікті, логикалық болды, қазір өзім айналысып жүрмін, бізге – жасы үлкен оқушыларға – көрсеткен құрметті және шыдамдылықты атап өткім келеді 🤗🙏 сіздерге барлық істеріңізде сәттілік тілеймін👍», – дейді 80 жастағы Дюсембаева А.

Жасы үлкен адамдар көбіне цифрлық, тілдік немесе шығармашылық кедергілерге тап болады, ал волонтерлер оқу үдерісін қарапайым, қолжетімді және мейірімді етеді.

«Байқоңыр ауданының ҚБО-дағы Смартфон клубын Сайора Нұрқанатқызы Ретаева жүргізеді. Мен, 74 жастағы Калиева Багжамал Музамеловна, осы сабақтарға қатысып жүрмін. Жасына қарамастан, Сайора бізге смартфонның негіздерін сауатты үйретеді. Әлеуметтік желілерде қалай бағдарлану керектігін, алаяқтардан қалай сақтану керек екенін, смартфон қосымшаларын қалай пайдалану қажеттігін және тағы басқаларын көрсетеді.

Өте түсінікті түсіндіреді, әрқайсымызға жеке уақыт бөліп те үлгереді, үлкендерге өте қамқор, сабырлы. Бұл сабақтар өте қажет және маңызды… Тәжірибе көбірек болса екен деймін. Қысқа уақыттың ішінде көп нәрсені үйрендім. Сайораға еңбегі мен бізге көрсеткен шыдамдылығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Шығармашылық табыс пен сәттілік тілеймін!», – дейді волонтерлер тренингтерінің қатысушысы Калиева Б.

Волонтерлер сабақ өткізіп қана қоймай, әр қатысушыға назар, шыдамдылық және қолдау сыйлайды.

«Мен Нұрбибі мұғалімнен ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Қазақша, орысша өте жақсы түсіндіреді. Екі айдың ішінде көп нәрсені ағылшын тілінде оқып, жазып үйрендім. Мұғаліміме өте ризамын… Атқарып жатқан жұмысының жемісін көрсін! Рахмет!», – деп бөліседі өз әсерімен Нурмухашова Кулзия.

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 162 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 151 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 191 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена