Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Корпоративтік волонтерлік компанияның оң имиджін қалыптастыруға қалай ықпал етеді: табысты бағдарламалардың мысалдары

Корпоративтік волонтерлік компанияның оң имиджін қалыптастыруға қалай ықпал етеді: табысты бағдарламалардың мысалдары

25.09.2024 1217 0

Корпоративтік волонтерлік – бұл әлеуметтік дамуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар компанияның жағымды имиджін қалыптастыратын қуатты құрал. Бизнеске деген қоғамдық үміт айтарлықтай артқан қазіргі әлемде ұйымдардың әлеуметтік жобаларға қатысуы олардың беделінің маңызды факторына айналуда.

Бүгін сіздермен, қазақстандық корпоративтік волонтерліктің бір кейсін талқылап, отандық корпоративтік волонтерлікпен танысатын боламыз.

Сұхбат кейіпкері Атырау қаласының тұрғыны Гумарова Асель Кубейсінқызы. Асель "Жүректен Жүрекке" қоғамдық қорының "Шеврон" компаниясында корпоративтік волонтерлікті дамыту жобасының менеджері.

«Корпоративтік волонтерлік – бұл компания немесе басқа да ұйымның қызметкерлері өз уақыттарын қоғамға көмектесуге жұмсауы дей аламыз. Мысалы, қызметкерлер қайырымдылық іс-шараларына қатысып, қоршаған ортаны қорғау, білім беру немесе әлеуметтік көмек көрсету сияқты салаларда волонтер ретінде қатысады».

Асель тәжірибесінде корпоративті волонтерлер қатысатын әлеуметтік іс-шаралар мысалдары өте көп. Әдетте, корпоративтік волонтерлер мен ұйымдар бірлесе отырып өздері өмір сүретін аймақтар мен қалалар үшін өзекті салаларды таңдайды.

«Шеврон" компаниясының  қызметкерлерімен бірлесе отырып бірнеше бағдарламаларды жүзеге асырамыз. Мысалы, "Мектепке жол" акциясы. "Жасөспірімдер" үйінің ауласында жылыжай орнату. "Қарттар үйі", "Балалар үйі", "Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы" мекемелерінде түрлі спорттық шаралар мен шеберлік сағаттар ұйымдастыру. Экоакция өткізу жоспарымызда бар. Нақтырақ, тал көшеттерін отырғызу, жүгіріп жүріп қоқыс жинау үшін "Плоггинг" ұйымдастыру және т.б мектеп оқушыларына арналған шаралар бар. Әр шарамыз қоғамдағы нақты мәселелерді корпоративті волонтерлердің түрлі саладағы тәжірибесі  арқылы азда болса шешуге бағытталған».


Корпоративті волонтердің кәсіби дағдыларын қоғам игіліне пайдалану корпоративті волонтерлердің өздеріне не, компанияға да оң өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Мысалы, қызметкерлер өздерінің дағдыларын әртүрлі бағыттарда қолдануды үйренеді, өздері үшін жаңа дағдыларды ашады, компания мен өздерінің әріптестеріне деген көзқарасы жаңа қырдан ашылады.

«Корпоративтік волонтерлік компанияның әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді және оның қоғам алдындағы беделін арттырады. Бұл компанияға жағымды имидж қалыптастыруға өз септігін тигізеді.  Сондай-ақ, бұл қызметкерлер арасында корпоративтік мәдениетті нығайтып, олардың компанияға деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі мен корпоративті мәдениеттің бар болуы – компанияны әлеуетті жұмыскерлер алдында тартымды жұмыс беруші ретінде позициясын қалыптастырады».

Асель волонтерлер мен компаниялар үшін оң әсерлерді ғана емес, сондай-ақ қоғам үшін корпоративті волонтерліктің маңыздылығын атап өтуде.

«Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету мені әрдайым қызықтырады. "Жүректен Жүрекке" басшылығы маған осы маңызды да жауапты жобаны сеніп тапсырды. Бұл жоба маған волонтерлік жобаларға тереңірек қарауға  мүмкіндік берді, менің кәсіби және жеке дағдыларымның дамуына себеп болды.

Корпоративтік волонтерлік жобалар қоғам мен бизнес арасындағы диалогты нығайтады және қоғамдағы нақты мәселелерді шешуге бағытталып, бизнеске қоғам алдында өзінің жауапкершілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған инновациялық әдістерді дамытуға ықпал етеді, нәтижесінде екі жаққа да пайдалы».

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
09.10.2024 277 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс берудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды
Толығырақ
07.10.2024 308 0
Игі істер марафоны 2024» аясында 7 қазан - 15 қазан аралығында Жануарларды қорғауға арналған мейірім апталығы басталғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
03.10.2024 477 0
Астанада АӨСШК волонтерлерінің слеты басталды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена