Дана мен Ақжан — өзгелерге көмектесуді тек
жүректің ісі ғана емес, нағыз өмір салтына айналдырған жас волонтерлер. Олар Make
it Green экологиялық жобасының бастауында тұрды, UNICEF қолдауымен Sezin
клубын құрды және қазір қазақстандық мектеп оқушыларына арналған Ümit Qanaty білім беру бастамасын дамытып келеді.
Біз қыздармен олардың жолы қалай басталғаны,
қандай қиындықтарды еңсергені және волонтер болу олар үшін нені білдіретіні
жайлы сөйлестік.
Волонтерліктегі алғашқы қадамдарыңыз қалай
басталды?
Дана: Менің жолым 14 жасымда басталды. Сол кезде Make
it Green экопроектін іске қостым. Біз қалада сенбіліктер ұйымдастырып,
қайталама шикізаттан түскен қаржыны жануарларға көмекке бағыттайтынбыз. Кейін
волонтерлікті Y-PEER Алматыда жалғастырдым, сондай-ақ Ақжан, Асылай және
Еркежанмен бірге UNICEF қолдауымен балалар құқығы мен қорғауына арналған Sezin
клубын құрдық.
Ақжан: Мен үшін бәрі аз қамтылған отбасылардың
балаларына көмектесуден басталды. Өнімдер сатып алып, көпбалалы отбасыларға
апарып жүрдім. Кейін Данаға жолығып, оның Make it Green жобасына
эко-менеджер ретінде қосылдым. Уақыт өте келе біз бірге жұмыс істегенде
тиімдірек болатынымызды түсініп, жаңа бастамалар ашуға кірістік.
Қазір қай жобада, қандай рөлде
волонтерсіздер?
Дана мен Ақжан: Қазір біз Ümit Qanaty жобасын дамытып жатырмыз. Бұл Қазақстан
мектеп оқушыларына арналған тегін білім беру бастамасы. Мұнда балалар ағылшын
тілін, математиканы, SMM-ді ғана емес, сонымен қатар тәлімгер табуға және
пікірлес қауымдастықпен араласуға мүмкіндік алады.
Біз әркімде талант бар, бірақ мүмкіндік бәріне
бірдей берілмейтінін білеміз. Сондықтан біздің мақсатымыз — білімге
қолжетімділікті кеңейту, бұрын тосқауыл болған жерлерді ашу.
Волонтер болу сіздер үшін нені білдіреді?
Дана: Волонтер болу — өзіңмен және шынымен көмекке
мұқтаж адамдармен адал болу.
Ақжан: Мен үшін волонтерлік — бұл әрі көмек, әрі даму.
Бұл — өзіңе, дағдыларыңа, мінезіңе және ең бастысы — басқа адамдарға жасалған
инвестиция.
Волонтерлік жобалар сіздерге қалай әсер
етті?
Дана: Ең алдымен, мен эмоциялық тұрғыда өстім. Қиын
жағдайдағы адамдармен жұмыс істегенде әркімнің өмірлік жағдайының әртүрлі
екенін түсінесің. Бұл эмпатияны сақтауға, бірақ сонымен бірге күйіп кетпеу үшін
«мөлдір қалқан» қалыптастыруға көмектеседі. Волонтерлік маған жауапкершілікті, көшбасшылық
қасиеттерді және үлкен тәжірибе берді. Соның арқасында менде әлеуметтік салада
алты жылдық тәжірибе бар, ал өзімнің жасым — бар болғаны 20.
Ақжан: Маған волонтерлер қауымдастығы қатты әсер етті.
Бұл адамдар шын жүректен, адал әрекет етеді. Ал ең қиын жағдайда өмір сүріп
жатқан отбасылармен кездесулер дүниеге көзқарасымды өзгертті. Мен қарапайым
нәрселерді бағалауды үйрендім және қолдаудың қаншалықты маңызды екенін
түсіндім.
Волонтерлік тәжірибе оқуда немесе жұмыста
көмектесті ме?
Дана мен Ақжан: Әрине. Университетке түскенде немесе жұмысқа
орналасқанда волонтерлік тәжірибе әрқашан қызығушылық тудырады. Жұмыс берушілер
мен комиссиялар мұны төлемсіз үлкен еңбек ретінде бағалайды, әрі ол ерекше
қасиеттерді дамытады: жауапкершілік, командада жұмыс істеу, жобаларды басқару.
Дана: Мені жақында халықаралық компанияға жобалар
менеджері ретінде қабылдады — бұл тек волонтерлік тәжірибенің арқасы.
Волонтерлік — мансаптық өсудің үлкен көмекшісі.
Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар және
қалай еңсердіңіздер?
Дана мен Ақжан: Негізгі қиындықтар — ресурстардың жетіспеуі:
қаржы, уақыт және адам күші. Кейде волонтерлікті оқумен үйлестіру қиын,
қатысушыларды ынталандыру да оңай емес. Бірақ бізді әрдайым мақсатқа деген
сенім, бір-біріміздің қолдауымыз және стандарттан тыс шешім табу қабілетіміз
құтқаратын. Көбіне бұл серіктестік пен әлеуметтік желілер арқылы волонтерлерді
тарту болды
Есте қалған ерекше оқиға бар ма?
Дана: Мен үшін ерекше сәт — UNICEF Talks-та инклюзия
туралы баяндама жасаған кезім. Содан кейін көптеген адамдардан жеке әңгімелер
мен қолдау сөздерін алдым. Сол сәтте түсіндім: біз істеп жүргеннің бәрі мәнді.
Осындай сәттер тоқтап, өзіңе «Иә, мен бәрін дұрыс жасап жүрмін» деуге мүмкіндік
береді.
Волонтерлікті оқумен және жеке өмірмен
қалай үйлестіресіздер?
Дана мен Ақжан: Әрдайым оңай емес. Бірақ дұрыс жоспарлау және
командада рөлдерді бөлу көмектеседі. Кейде жобаның өзі энергия мен шабыттың
көзіне айналады.
Волонтерлік арқылы өздеріңіз және өмір
жайлы не түсіндіңіздер?
Дана мен Ақжан: Біз түсіндік: өзгерістер кішкентай қадамдардан
басталады. Бір адамға көмектесудің өзі оның өмірін өзгертуі мүмкін. Волонтерлік
бізге әркімнің әлеуетін көруге және қауымдастықтың күшіне сенуге үйретті.
Волонтер болудан күмәнданатын адамдарға не
айтар едіңіздер?
Дана мен Ақжан: Уақытым жоқ, тәжірибем жоқ деп қорықпаңыздар.
Волонтерлік кішкентайдан басталады — көмектескім келеді деген ниеттен. Әр үлес
маңызды. Ал тәжірибе, дағды және шабыт — орнын ештеңе баса алмайтын
құндылықтар.
Дана мен Ақжанның тарихы көрсетіп тұрғандай: волонтерлік — «бос
уақыттың болуы» емес, әрекет етуге дайындық. Олардың жобалары дәлел болып отыр:
14 жасар мектеп оқушысы да жүздеген адамның өмірін өзгертетін қозғалысқа
бастама бола алады.
«Өзгеріс кішкентай қадамдардан басталады», — дейді Дана мен Ақжан.
Бұл қағида волонтерлікті енді бастағысы келетін
әрбір адамға үлгі болады.
@qazvolunteer.kz
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.