Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Күнтізбедегі игі істердің тағы бір айрықша күні — 9 мамыр, Жеңіс күні!

Күнтізбедегі игі істердің тағы бір айрықша күні — 9 мамыр, Жеңіс күні!

08.05.2025 1347 0

9 мамыр — Жеңіс күні. Бұл Игі істер күнтізбесіндегі ерекше күн, ол естеліктерге, алғыс пен мақтанышқа толы. Бұл жай ғана күн емес — бұл жүрегімізде сақталған тірі тарих, бізге бейбіт аспан сыйлаған жандардың ерлігін еске алатын сәт 🙌

Бұл күні жасалған игі істер ерекше мағынаға ие. Біздің әрекеттеріміз құрмет пен қамқорлықтың белгісі болсын: жылы сөз, көмек, көңіл бөлу — мұның бәрі батырлық пен төзімділіктің үлгісі болған ардагерлер үшін аса маңызды ❤️

Не істеуге болады?

🌟 Ардагерлерге арналған кез келген игі істер: көмек көрсету, құттықтау, құрмет көрсету шаралары, қайырымдылық акциялары, тұрмыстық қолдау, естелік кездесулер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру.

📌 Игі істерге шектеу жоқ!

Қалай қатысуға болады?

☀ Игі істерді жүзеге асыру (Игі істер күнтізбесіне сәйкес немесе кез келген бағытта);

☀ Әлеуметтік желіде хэштегтер мен ұранды қолданып, игі істерді жариялау;

☀ Сілтеме бойынша Google-форманы толтыру https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf9YPhlW6-zZRLZdJHLOLJ7rV24rP0mh3LoMWNS-DNF21uaQg/viewform

Хэштег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025

Ұран: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие шаги – большие перемены!

Игі істер марафонына үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіреміз! 💙

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3175 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена