Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Құрметті волонтерлер, волонтерлік ұйымдар және қарапайым бей-жай емес азаматтар «Birgemiz» Республикалық волонтерлер фронт-офисі және Ұлттық волонтерлік желі жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетуге дайындалуда

Құрметті волонтерлер, волонтерлік ұйымдар және қарапайым бей-жай емес азаматтар «Birgemiz» Республикалық волонтерлер фронт-офисі және Ұлттық волонтерлік желі жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетуге дайындалуда

08.01.2022 662 0

Құрметті волонтерлер, волонтерлік ұйымдар және қарапайым бей-жай емес азаматтар «Birgemiz» Республикалық волонтерлер фронт-офисі және Ұлттық волонтерлік желі жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетуге дайындалуда.

⛔МАҢЫЗДЫ! Біз антитеррористикалық операцияның аяқталуы мен жағдайдың тұрақталуын күтудеміз. Бірақ тұрғындарға көмек көрсетуге алдын-ала дайындалып қойғымыз келеді.

Тұрғындарға консультациялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық және өзге де қажетті көмекті көрсету мақсатында біз волонтерлер мен бірлескен көмекті жинастыруды жариялаймыз. Бұл нені білдіреді:

1.Ақпарат жинау мен таратуға, көмекті қажет ететін адамдарға көмектесуге, бұзылған құрылыстарды, ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетуге дайын волонтерлер мен қарапайым бей-жай емес азаматтар деректерін жинаймыз.

2.Сонымен қатар, көмек пен қолдау көрсетуге дайын ұйымдар деректерін жинаймыз.

3.Пайдалы ресми ақпаратты жариялау мен тарату (тұрғындарға көмек көрсететін колл-орталықтар мен «Шұғыл желі» телефондары  және т.б.).

Егер сіз көмек пен қолдау көрсетуге дайын болсаңыздар келесі гугл-нысанды толтыруыңызды сұраймыз  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeKWI85EJVWZZkh87J5GRDSXLkrtuwrYAztI-NahO48P0VzgQ/viewform?usp=sf_link 

Егер гугл-гысанды толтыру мүмкін болмаса дәл сол деректерді @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларының директеріне жазыңыздар. Сондай-ақ біздің ақпараттық желі нөмірі туралы еске саламыз +77087064242 what'sapp, смс және телеграмда. 

Сіз көрсете алатын көмекті барынша толығырақ жазуыңызды сұраймыз. Бұл ақпарат бізге кімнің, қайда және қандай қолынан келетін көмекті көрсете алатынын білуге көмектеседі.

Барлығы жақсы болады! Мы вместе!  #BizBirgemiz 🤝 

Соңғы жаңалықтар
22.04.2024 2722 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1211 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
14.04.2024 1103 0
Өзіңіз үшін волонтерлік жобаны қалай таңдауға болады: көмектесудің тамаша мүмкіндігін табудың 10 қадамы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена