Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар COVID-19: Түркістан облысында волонтерлер мен ел азаматтары көмекке келді

COVID-19: Түркістан облысында волонтерлер мен ел азаматтары көмекке келді

30.07.2020 1197 0

Коронавирус індетіне қарсы күресте волонтерлер мен жомарт азаматтардың еңбегі ерен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында волонтерлер тұрмысы төмен отбасылар мен ардагерлерге, аурухана қызметкерлеріне 50 мың бетпердені тегін таратты. Бұл игі іске мұрындық болған жас кәсіпкер Шаян елді мекенінен тігін цехын ашып, медициналық бетперде тігуді қолға алған.

Қазір шағын кәсіпорында ерікті жастар еңбек етіп жүр. Бүгінгі күнге дейін өндіріс орнында 100 мың дана бетперде тігілген. Ауыл азаматының елге деген жанашырлығы бұл ғана емес. Ол карантин кезінде өз қаржысы есебінен Шақпақ ауылдық ауруханасының ем қабылдайтын бір бөлмесіне заманауи құрал-жабдықтар әкеліп берген болатын. Қазір бұл ауруханада жедел респираторлық вирустық инфекция мен пневмония дертіне шалдыққан науқастар ем алып жатыр.

Әлия Педенова, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі: – Осы індет басталғалы Шақпақ ауылдық ауруханасында оңалту бөлімінде жұмыстар атқарылуда. Әрбір келген науқасқа өз көмегімізді көрсетудеміз. Бір-бірімізді қолдайық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді қазақта. Бәріміз біргеміз.

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/412475-covid-19-t-rkistan-oblysynda-volonterler-men-el-azamattary-k-mekke-keldi 

Соңғы жаңалықтар
18.02.2026 132 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Толығырақ
11.02.2026 798 0
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
Толығырақ
30.01.2026 471 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтерлер форумында сөйлеген сөзі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена