Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар БҰҰ-ға іріктелген қазақстандық волонтерлер

БҰҰ-ға іріктелген қазақстандық волонтерлер

11.09.2020 1572 0

Жеті қазақстандық волонтер Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық желісіне қосылды. Қатал іріктеуден өтіп, енді олар Түркия, Тайланд, Оман және Кенияда жұмыс істейтін болады. Олардың төртеуі бакалавриат пен магистратураны бітірген, 7 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар. Осы санаттағы волонтерлер үшін гендерлік кеңесші, ерте жастағы балалармен жұмыс жөніндегі өызметкер, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі бойынша маман сияқты лауазымдар ұсынылады. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында, Халықаралық көші-қон ұйымында және ЮНИСЕФ-те жұмыс істейтін болады.

Волонтерлер келісімшарты бір жылға жасалады, бірақ егер қатысушылар өздерін жақсы жағынан көрсетсе, оның мерзімі ұзартылады. Бағдарлама сонымен қатар жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған. Үш адам дәл осы санаттан өтті. Олар коммуникация, серіктестік қатынастарды дамыту мәселелерін шешеді және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Ағылшын тілін білу - таңдаудың негізгі критерийлерінің бірі. Қазақстан үкіметі волонтерлердің күнделікті шығындарына қаражат бөледі.

Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі: - БҰҰ волонтерлері мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісім аясында 7 волонтер әлемнің әр түкпірінде болады деп келісілді. Бұл әртүрлі деңгейдегі мамандар - аға мамандар да, жастар да. Олар түрлі бағдарламаларда белсенді болады. 3 жылға жасалған бұл келісім логикалық жалғасын табады деп сенеміз. Болашақта біз қазақстандықтармен кең ауқымда ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз.


Дереккөз: https://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/127395-kazakhstanskie-volontery-proshli-otbor-v-oon 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 115 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена