Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда бұрын белгісіз болған бірнеше петроглиф топтары табылды

Қазақстанда бұрын белгісіз болған бірнеше петроглиф топтары табылды

02.12.2025 319 0

2025 жылы “Петроглиф іздеушілері” қорының волонтерлері Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстары аумағынан бұрын белгісіз 11 петроглиф шоғырын анықтады. Бұған қоса, бұрыннан белгілі нысандардың маңынан тағы да он шақты жаңа петроглиф топтары табылды. Ерте темір дәуірі мен түркі кезеңіне жататын, археологиялық ескерткіштер тізіміне енбеген шамамен жиырма қорым анықталды (жалпы қорғандар саны – 300-ден астам). Сонымен бірге бірнеше ондаған қоныстар және Көксу өзенінің сол жағалауындағы XVIII–XIX ғасырларға жататын қазақ рулық зираттарының оннан астамы табылды. Бұл жаңалықтар биыл жүргізілген 27 зерттеу экспедициясының нәтижелерінің бірі болды, деп хабарлайды DKNews.kz. Бұл жөнінде қоғамдық ұйым өкілдері Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Олардың айтуынша, Қазақстанның археологиялық мұрасын іздеу мен зерттеуге алыс ауыл тұрғындарын тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылған. Волонтерлердің әлеуметтік желілердегі және БАҚ-тағы белсенді ақпараттандыруының арқасында елдің әр өңірінен көптеген хабарламалар келіп түсті. Нәтижесінде археологтарға бұрын белгісіз ескерткіштер зерттелді: Аманбөктір петроглифтері, Баянжүрек шоғырындағы жаңа топ. Сондай-ақ Қызылағаш ауылы маңындағы үстірттен және Жетісу облысы Көксу ауданы Актекше ауылы жанындағы Мұқры шатқалынан да суреттер табылды.

Қордың атқарушы директоры Ольга Гумирова:

“‘Петроглиф іздеушілері’ жобасында пайдаланылатын басты ресурс – адамдар. Қорымыздың волонтерлері – түрлі мамандық иелері, барлығын Қазақстан тарихына деген махаббат біріктіреді. Éң қуантатыны – жыл сайын іздеу жұмыстарына қатысатын ауыл тұрғындарының саны артып келеді. Біз елдің түкпір-түкпірінен қызықты табыстар жөнінде хабарламалар аламыз. Адамдар өз туған жерінің тарихы бүкіл әлемге белгілі болғанын қалайды. Бұл – өз еліне, ауылы мен қаласына шынайы сүйіспеншіліктен туған нағыз патриотизм үлгісі”, – деді.

Зерттеу жұмыстарымен қатар, волонтерлер Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттаумен де айналысады. 2025 жылы олар 8 ашық лекция, 5 баспасөз туры және балаларға арналған 3 іс-шара ұйымдастырды.

“Қазақстан – петроглифтер елі” жобасының негізін қалаушылардың бірі және қор волонтері Юрий Дорохов атап өтті:

“Елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін оны халыққа кеңінен таныту өте маңызды. PR- маман ретінде: Қазақстан тарихында сақталған байлықтар туралы адамдар көбірек білсе, нағыз азаматтар да көбейеді. Бұл әсіресе жас буын үшін маңызды екеніне сенемін”, – деді.

Спикерлер волонтерлердің археологиялық ескерткіштерді қорғау үшін қабылдап жатқан шаралары туралы да айтып берді.

Шара соңында “Петроглиф іздеушілерінің” 2026 жылға арналған жоспарлары жарияланды. Оған жаңадан табылған шоғырларды зерттеуді жалғастыру, Ешкіөлмес кешенінің виртуалды 3D турын әзірлеу және жаңа барлау экспедицияларын ұйымдастыру кіреді.

Фото авторы: Сергей Алексеенок

Дереккөзі: https://dknews.kz/ru/v-strane/376380-v-kazahstane-naydeno-okolo-desyatka-ranee-neizvestnyh

Соңғы жаңалықтар
02.12.2025 304 0
Қазақстанда бұрын белгісіз болған бірнеше петроглиф топтары табылды
Толығырақ
01.12.2025 1854 0
Волонтерлік пен қайырымдылықтың айырмашылықтарын талдаймыз
Толығырақ
24.11.2025 225 0
БҰҰ-ның ұлттық Волонтері болуға дайынсыз ба?
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена