Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарағандылық волонтерлер жедел жәрдем станцияларын екі айдан бері түскі аспен қамтып келеді

Қарағандылық волонтерлер жедел жәрдем станцияларын екі айдан бері түскі аспен қамтып келеді

29.07.2020 1191 0

Қарағандылықтар көп болып жұмылып, сауапты іс атқарып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы уақытта әсіресе ақ халатты жандарға қолдау көп. Айталық, қоғамдық қор өкілдері мен ерікті жандар бірігіп, қаланың 5 бірдей жедел жәрдем станциясын 2 айдан бері тұрақты түрде түскі аспен қамтып келеді. 

Марат Түсіпов – бірінші топтағы мүгедек. Қырықтан асқан азамат 13 мәрте ота жасатқан. Екі бүйрегі бірдей тоқтап қалып, трансплантацияға жүгінген. Бірақ қайырымдылыққа келгенде, қарап қалмайды. Қарағандының барлық қоғамдық істерінде бастамашы. «Ана-Мама» қоғамдық қорын құрып, қазіргі кезеңде дәрігерлерге қолдау көрсетіп жүр.

Марат Түсіпов, қала тұрғыны: – Біз жедел жәрдем станциясын белгілеп қойдық, кейде басқалары да біз апарамыз деп таласып қаламыз. Бұл қуантады, біздің жақсылық жасаудан таласып қалатынымыз. Әйгерімнің 4 баласы бар. Осыған қарамастан италиян тілінен қазақ тіліне энциклопедиялар аударады, ұзақ қашықтыққа марафон жүгіреді. Онымен қатар қайырымдылыққа да уақыт табады. Көп балалы ана ретінде берілетін ай сайынғы жәрдемақысын осы қайырымдылық іске арнап, азық-түлік алыпты. Бүгінде ол да осындағы өзге де аналармен бірігіп, таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін тамақ дайындап таратады.

Әйгерім Сатарова, қала тұрғыны: – Күнде 286 адамға тамақ дайындайды. Біздегі жедел жәрдемнің 5 станциясына апарады. Ортақ чат бар соған жазады да, көліктерімен азаматтар келеді, сосын апарамыз. Ал фельдшерлер бүгінде жұмыста жүріп, үйдің асына әбден үйреніп алғандарын айтады. Тіпті кей-кейде кешігіп қалса, қайда кетті деп елеңдеп тұрамыз деп қалжыңдайды.

Лаура Мақашева, фельдшер: – Біз тәулік бойы жұмыс істейміз. Алдыңғы айларда шақыртулар 2-3 есеге артқанын білесіздер. Осы кез аса қиын кезең болды. Тіпті түскі асқа барып-келуге уақыт бола бермейтін. Бірақ осындай қарапайым халықтың келіп қолдау көрсетуі зор серпін береді. Біз пандемияны бірлікпен жеңе аламыз. Атап өткен жөн, бұл қарапайым азаматтардың атқарып жүрген қайырымды істерінің жартысы ғана.

Бұдан бөлек, ірі қоғамдық қорлармен бірігіп, 40 дана оттегі консентратын алған, алда тағы 260-ы келеді деп отыр. Бұдан бөлек 50 дана пульсоксиметр алған, тағы осы құрылғының 100 данасына тапсырыс берген.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Васили Савкин, Сайлау Игіліков


Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/412186-ara-andyly-volonterler-zhedel-zh-rdem-stantsiyalaryn-eki-ajdan-beri-t-ski-aspen-amtyp-keledi 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 292 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 199 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4299 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена