Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматы облысының волонтерлері биыл 24 мыңнан аса отбасыға көмек көрсеткен

Алматы облысының волонтерлері биыл 24 мыңнан аса отбасыға көмек көрсеткен

15.07.2020 1154 0

Волонтерлер мұқтаж жандарға азық-түлік және антисептикалық заттарды таратып қана қоймай, жалғызілікті қарттарға, көп балалы отбасыларға қолғабыс етіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай кезінде де белсенділер қайырымды ісі арқылы асқан ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Тіпті әскери жиынға өз еркімен барып, ел қауіпсіздігі үшін қайта сапқа тұрғандар да бар. Сәуір айында «Асыл арман» кешені тұрғындарынан коронавирус ауруының белгілері анықталып, аумақ тұтастай карантинге жабылған еді. Сол кезде төрт қабырғаға қамалып, қиын жағдайда қалғандарға алғашқылардың бірі болып волонтерлер көмекке келді. Жігерлі жастар оқшауланған азаматтарға азық-түлік жеткізіп берді. Тіпті әскер қатарына қосылып, аймақты қатаң бақылауға алды.

Ербол Азатов, волонтер: - Бүгін мында өз еркімізбен халқымызға көмектесу үшін келіп отырмыз. Бұл жерде халықтың карантин кезінде үйлерінен шықпай, кіргізбей тек қана жедел жәрдем келгенде және азық-түлік алу үшін шығуларын қатаң тексереміз. Волонтерлер азық-түлік, қорғаныс құралдарын үлестірумен бірге қам көңіл қарияларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, шаруасын реттеп берді.

Валентина Цай, қала тұрғыны: - Волонтерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Өз басым еріктілер қозғалысының жұмысына дән ризамын. Біз сияқты бойындағы күш-қуаты кеміген қарттарға үнемі көмектесіп тұрады. Еліміз үшін қиын кезеңде еріктілердің қатарына егде жастағылар да қосылды. Ауылдастарының амандығын ойлаған Көксу ауданының әжелері медициналық маска тігіп, көпшілікке тегін таратты.

Күлмән Молдаева, Мұсабек ауылының тұрғыны: - Бұл енді заман талабы. Сондықтан біреу сатып ала алады, біреу сатып ала алмайды. Зейнеткер болғандықтан үйде қарап отырмай, халық үшін көмек көрсетейік, аналық шын ниетімізбен көмектесейік деген мақсатта тігіп, елге шетінен үлестіріп жатырмыз. Жетісулық белсенділер Түркістан облысы Мақтарал ауданына да қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Қаражатқа құрылыс заттары алынып, бөгеттің бұзылуынан зардап шеккен аймаққа жеткізілді. Осылайша, еріктілер ел бірлігін білдіріп, апат аймағындағылардың ауыртпашылықты көтерісті. Ел басына күн туған қиын шақта ешбір ақысыз жұмыс істеген жетісулықтардың еңбегі де мемлекет тарапынан ескерусіз қалған жоқ.

Қайырымды істің қасынан табылатын жігерлі жастар Елбасының алғыс хатымен, Президенттің «Халық алғысы» медалімен марапатталды.  Ержан Дәулетбаев, «Мейірімді Жетісу» фронт кеңсесінің төрағасы: - Алматы облысының «Мейірімді Жетісу» фронт кеңсесінде 2 мыңнан астам еріктілер бар. Белсенді еріктілер облыс деңгейінде жұмыс атқарып жатыр. Және де осы еріктілердің күшімен меценаттарды тарту арқылы 14 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді.

Өңірде 2 мыңнан аса волонтер бар. Олардың қайырымдылық шарасы төтенше жағдай енгізілгелі бері бір сәтке де тоқтаған емес. Қазірдің өзінде еріктілердің бірі дәрігерлерге ақысыз такси қызметін ұсынса, кәсіпкерлер жағы 60 медицина қызметкерін тегін тамақтандырып отыр. Көпшіліктің көмегіне арқа сүйеген қоғам белсенділері енді науқасты оттегімен қамтассыз ететін құрылғы сатып алып, ауруханаға табыс етпек. Міне, осылайша, жетісулықтар жалпыға төнген қауіппен жұрт болып жұмыла күресіп жатыр.


Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Дерек көзhttps://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/408819-almaty-oblysyny-volonterleri-biyl-24-my-nan-asa-otbasy-a-k-mek-k-rsetken

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4108 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1261 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 860 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена