Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Профиль

Aizhanar Aisultan

Volunteer ID: 1993
Region:

Aktobe region

Locality:

Aktobe region, Aktobe

Directions:
Social volunteering
Volunteering experience:

72 years

About myself

Кез-келген жас буынның волонтерлық бойында деп ойлаймын өйткені, кішкентай кезімізден бастап біздің ата-анамыз үлкенге құрмет, кішігі ізет көрсетуді, жылағанды жұбатуды, қуанғанда қуанышын бірге бөлісуді үйрететін. Сондай тәрбиені бойыма сіңірген мен мектеп кезінен бастап волонтерлық жұмыспен айналыса бастадым. Мектеп қабырғасында алған тәжірбиемді жоғары оқу орнында ары қарай дамыта түстім. Жоғары оқу орны бізді мейлінше көп халықпен табиғатпен жұмыс істеуді үйретті. Жаңа ортаға келгенде жаныма өзіме ұқсас жарқын, қоршаған ортаға қорған болғысы келетін, жүрегінде мейірімі бар жастармен жиналып, қайырымдылық жолында атсалыса бастадық. Әр өңірден жиналған жүрегі мейірімге толы жастармен бірлесе оқу орынында «Үмітің үзілмесін» волонтерлар тобына мүшесі атандық. Біз бірлесе түрлі іс –шаралар ұйымдастырып, қыстың суық күнінде қарда күредік, аналармен жүздесіп құрбы болып сырластық, президент сайлауында қарапайым халықпен алтын көпір орната білдік. Елімізде төтенше жағдай басталғалы мен өз ауданымда волонтерлық қозғалыстың қалыптасуына өз үлесімді қосып келемін. Өзімнің волонтерлік тәжірбиеммен әрқашан бөлісіп жастарға қолдау көрсетудемін. Қазақстанда 2020 жыл «Волонтер жылы» деп бекітіп, осы жыл 7 жалпыұлттық жоба аясында жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда «Birgemiz:Taza Alem», «Birgemiz:Asyl mura», «Birgemiz:Umit», «Birgemiz:Qamqor», «Birgemiz:Sabaqtastyq» бағыттары бойынша жұмыстар жүргізудемін. «Birgemiz:Taza Alem» бағыты бойынша оқыту курстан өтіп, ауданымыздың табиғатын қорғау мақсатында өзге волонтерлармен бірге көптеген плогингтерге қатыстым және ұйымдастырдым. Бірігіп жасаған жұмыстарымыздың нәтижесінде қ "Лучший Эко-Волонтёр" конкурсының жеңіспазы атандым. «Birgemiz:Asyl mura» бағыты бойынша оқыту курстан өтіп, ауданымыздағы тарихи–мәдени ескерткіш көзбен көру мақсатында экскурсияға шықтым. «Birgemiz:Umit» бағыты бойынша аудан орталығында балалардың және жасөспірімдердің жоғалып кетуінің және ата–ананың қарауынсыз қалуының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. 2020 жыл жазғы демалыс кезінде Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығында 3 ай қоғамдық жұмыс жасап волонтерларға және ауданның белсенді жастарына көптеген іс–шараларды ұйымдастырдым. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде аудан халқына бетперделер, түсіндірме қағаздарын тарату және қарт ата–әжелеріміздің үйіне дәрі–дәрмек тарату жұмыстарын жүргіздім. Карантин талаптарын ескерту мақсатында аудандық ішкі істер басқармасымен бірлесе кешкілік аудан көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Сонымен қатар кәзір мен БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының оқушыларды төтенше жағдайлардың (ТЖ) барлық түрлері және ТЖ–да әрекет ету тәсілдері туралы ақпараттандыру жобасы бойынша волонтер атанып мектеп оқушыларына қашықтықтан сабақтар жүргізудемін. Қазақта Мейірімділік жүректен, Мейірімсіздік білектен деп бекер айтылмаған. Бар әлем техника деп аласұрып жүгіргенде, бір сәтте мейірімділік, ізігілік , қамқорлық деген қасиеттер тысқары жатқандай болды. Осы сәтте бір ауыз жылы сөзбен болсада айналамыздағы жабырқаған жанды жұбата білдік.

Voluntary activities

  • Implementing
  • Planned
  • Finished

No active projects

No planned projects

No completed projects

Спасибо! ваша заявка отправлена