Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Өзгеріс жолына алғашқы қадам: волонтер Жасұлан Төлеубековтың волонтерлік жолы

Өзгеріс жолына алғашқы қадам: волонтер Жасұлан Төлеубековтың волонтерлік жолы

28.04.2025 3161 0

Nazarbayev University студенті Жасұлан Төлеубеков балалық шағынан-ақ жақсылықтың тек сөзін ғана емес, іс-әрекетін де көрсеткен. Оның өмірлік сапары қызығушылық пен ұялшақтық сезімнен бастау алып, кейін саналы шешімдерге, берік ұстанымға айналды. Ол ондаған экологиялық іс-шараларға белсенді қатысып, өз үлесін қосты. Біз Жасұланмен оның ізденісі, жеңілген қиындықтары және Волонтерлік тек қала көрінісін ғана емес, адамдардың ішкі дүниесін де қалай өзгертетіні туралы әңгіме қозғадық.

Сізді волонтер болуға не шабыттандырды?

Бұл қадамға көптеген факторлар әсер етті – менің қоршаған ортам да, жеке тәжірибем де. Ата-анам әрқашан достарына және туыстарына ешқандай кері күтімсіз көмектескен. Олардың тәрбиесі мен өнегесі маған үлкен әсер етті.

Шешуші сәт 10-сыныпта болды. Сол кезде мен жиі экологиялық акцияларға қатысып, экоблогерлерді қадағалайтынмін. 2022 жылдың 2 қазанында Almaty Pop Up Store-да болып, ондағы волонтерлердің менің жасөспірім сыныптастарым екенін көргенде, қорқыныш пен ұялшақтықтың орнына көмектесуге деген құштарлықты сездім. Волонтер болу үшін ерекше болу қажет емес – тек бастауға шешім қабылдау керек екенін түсіндім.

Сіз үшін ең есте қаларлық Волонтерлік жобасы қандай болды?

Менің ең әсерлі тәжірибем - "Recycle Birge" жобасы болды. Бұл менің алғашқы шынайы Волонтерлік іс-әрекетім еді және ол жүрегіме ыстық із қалдырды. Ұйымдастырушылар шынымен де жайлы, жылы орта жасады: алғыс хаттары, жеңіл тамақтану, әрбір қатысушыға деген қамқорлық - әсіресе іс-шара кеш аяқталған кезде. Олар әрбір волонтернің - мектеп оқушысы да, студент те - үйіне қауіпсіз жеткеніне жеке қарап отырды. Көбінесе біз акциядан кейін шай ішіп, әңгімелесу үшін қала бердік. Бұл шынымен де оралғың келетін нағыз бірлестік еді.

Сіздің көмегіңіз қандайда бір жанның өмірін өзгерткенін сезген сәт болды ма?

Мен қоршаған адамдардың өміріне ең болмағанда аздап да әсер еткенімге үміттенемін. Менімен әңгімелескеннен кейін бірнеше таныстарым экологиялық акцияларға қатыса бастады — бұл мен үшін қазірдің өзінде маңызды. Тіпті кішкентай өзгеріс болса да, ол үлкен мәнге ие. Мүмкін, мен біреу үшін үлгі болдым, және бұл мені жалғастыруға шабыттандырады.

Волонтерлік арқылы қандай қасиеттерді дамыттыңыз?

Ең алдымен, мен ашық жанды болдым, адамдармен қарым-қатынас құруда жақсара бастадым, жаңа достар таптым. Волонтерлік тек әлеуметтік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті, икемділікті және командада жұмыс істеу қабілетін дамытады. Бұл барлық қасиеттер менің күнделікті өмірімде де, оқуымда да қолымда.

 

Қандай кедергілерге тап болдыңыз?

Ең үлкен сынақ - түсінбеушілікпен бетпе-бет келу болды. Кейбір адамдар экологиялық акциялардың нәтижесіне ашық күдіктенді - "бұл ешқандай өзгеріс әкелмейді", "қоқыс айлақтары бәрібір шегінен тыс толып жатыр" дегендей пікірлерді айтты. Тіпті жақын адамдар да бұл істі уақыттың босқа кетуі деп есептеді. Волонтерлікті "абыройсыз жұмыс" деп теңестіріп, жалғыз жасөспірімнің жағдайға әсер ету мүмкіндігіне сенімсіздік білдірді.

Уақыт өткен сайын мен өз пікірімді талап етуден бас тарттым, олар да өз көзқарастарын қатаң ұстаудан қойды. Кейінірек қолдау хаттары, ресми мойындаулар пайда болғанда, бұл айналадағылардың қабылдауын өзгертуге ықпал етті. Мен Волонтерлік тек бос уақыт өткізу емес, қоғам үшін нақты маңызы бар іс-әрекет екенін дәлелдей алдым.

Волонтерлік қызметі сіздің дүниетанымыңызға қалай әсер етті?

Бұл менің көзқарасымды айтарлықтай кеңейтті. Әр түрлі пікірлері бар адамдармен жиі кездесуге тура келді, сол арқылы мен басқалардың ойына құрметпен қарауды үйрендім. Волонтерлік мені адамдарды тереңірек түсінетін, сезімтал және басқаларға деген назарлы етіп өсірді. Қазір мен қоршаған адамдардың қажеттіліктерін сезініп, көмек қажет болғанда қол ұшын беруге тырысамын.

Волонтерлік сіздің басты мақсаттарыңызбен кәсіби армандарыңызға әсер етті ме?

Иә. Волонтерлікке қатысқанға дейін, әсіресе карантин кезінде, өзімді бағытсыз сезінген едім. Уақытымның көп бөлігі әлеуметтік желілерге және ойын-сауық контентіне кететін. Волонтерлік маған қозғалыс пен мағына сезімін қайтарды. Мен өзімді сенімдірек сезіне бастадым, қоршаған әлемде болып жатқандарға қызығушылығым артып, өзімде және болашағымда дамытқым келетін нәрселерді анық көре алатын болдым.

 

Волонтерлік туралы қандай стереотиптерге тап болдыңыз?

Ең көп тарағаны - волонтерлердің тегін жұмыс күші деп санау. Бір де біреулер біздің іс-шараларға тамақ, мерч немесе сертификаттар үшін баратынымызды айтады. Кейде бұл шындыққа жанасады да, расын айтқанда, ренжітеді. Шынымен де Волонтерлік - бұл мағына туралы, бонуслар туралы емес.

Кейбір жастар университетке түсу үшін құжаттағы жол толтыру мақсатында Волонтерлікпен айналысады да, істің мәні мен құндылығы туралы ойланбайды. Менің ойымша, Волонтерлік - бұл еркін және шынайы қатысу. Ол жаннан шығуы керек.

Волонтерлікке жаңа қосылатындарға қандай ұсыныс айтар едіңіз?

Жеңіл істерден бастаңыз. Туыс-туғандарыңызға қол ұшын созыңыз, шағын жиын-тойларға қатысып көріңіз. Қызметіңіз көрінетіндей үлкен болмаса да, негізгісі - ішкі ынтаңыздың шынайы болуы. Бұл сіз үшін алғашқы қадам болады, қалғаны өз уақытымен ілгерілейді. Бірінші рет талпыныс жасаудан тайсалмаңыз. Өткізіп жіберген мүмкіндікке қарағанда, батыл қадам жасап көрген артық.

Волонтерлікте сіз үшін ең маңызды құндылық қандай?

Шынайылық. Ең алдымен - өзіңе қатысты. Шындығында жүрегіңе жатқан істерді жасау маңызды. Іштей жасалған жақсылық әкелетін нәтижесіз қалмайды - бұл әлемде де, адамдарда да, өзіңде де көрінеді.

@qazvolunteer.kz

Last news
28.04.2025 3160 0
Өзгеріс жолына алғашқы қадам: волонтер Жасұлан Төлеубековтың волонтерлік жолы
Read more
25.04.2025 531 0
Volunteer Internship Opportunities
Read more
23.04.2025 251 0
Кітап сүйер оқырман – сіздердің кезектеріңіз келді!
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена