Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Корпоративтік волонтерлікті қалай ұйымдастыруға болады: қадаммен нұсқаулық

Корпоративтік волонтерлікті қалай ұйымдастыруға болады: қадаммен нұсқаулық

01.08.2025 2579 0

Корпоративтік волонтерлік - қызметкерлердің әлеуметтік бастамаларға қатысуына мүмкіндік. Бұл компания мәдениетін нығайтатын, беделін арттыратын және қоғамға нақты пайда әкелетін стратегиялық құрал. Инициатива тиімді әрі тұрақты болуы үшін, оны жүйелі және саналы түрде бастау қажет.

1-қадам: Мақсаттар мен форматты анықтау

Басты сұрақ: не үшін компанияға корпоративтік волонтерлік қажет?

Мақсатты:

• қызметкерлердің soft skills және командалық жұмыс дағдыларын дамыту;

• әлеуметтік жауапты бизнес ретінде имиджін нығайту;

• нақты әлеуметтік немесе экологиялық мәселені шешуге үлес қосу;

• жергілікті қауымдастықтарға немесе маңызды тақырыптарға (мысалы, білім, инклюзия, экология) қолдау көрсету.

Мақсатқа байланысты волонтерлік форматы да өзгереді:

• Бір реттік (мысалы, ағаш отырғызу, төтенше жағдай кезінде көмек көрсету);

• Тұрақты (тәлімгерлік, экологиялық патрульдер, ҮЕҰ жобаларына қатысу);

• Кәсіби (қызметкерлер өз саласы бойынша - заңгер, IT-маманы, маркетолог т.б. ретінде көмек көрсетеді);

• Онлайн немесе оффлайн (қызметкерлердің қолжетімділігіне және компанияның географиясына байланысты).

 

2-қадам: Жауапты адамды тағайындау және команда жинау

Кез келген волонтерлік жобада бір адам тізгінді ұстауы керек. Бұл мына адамдар болуы мүмкін:

• тұрақты даму немесе КӘЖ маманы,

• HR маманы,

• немесе компания ішіндегі волонтерлік бастама тобы.

Бастысы – жетекшінің мақсатты түсінуі, басшылықтың қолдауы және ішкі байланыс арналарына еркін қол жеткізе алуы.

 

3-қадам: ҮЕҰ-мен серіктестік орнату

Мықты жобаны сапалы серіктестіксіз жүзеге асыру мүмкін емес. ҮЕҰ мен бастамашыл топтарда қажетті тәжірибе, білім және қажеттілікті түсіну бар. Компания өз миссиясына сай келетін құндылықтар мен тәсілдері бар серіктестерді таңдауы қажет.

ҮЕҰ таңдау критерийлері:

• жобаны бірге ойластыруға дайын болц;

• ашық және түсінікті үдерістер;

• волонтерлермен жұмыс тәжірибесі;

• жүйелі коммуникацияның болуы.

4-қадам: Волонтерлерді дайындап алу

Қызметкерлер көмектесуге құлшынысы болғанымен, алдын ала дайындық артық етпес. Волонтерлер мыналарды біліп жүруі керек:
• осал топтармен қалай сөйлесу керек;
• жоба туралы көпшілікке қалай айтуға болады;
• көмекті қалай дұрыс әрі қауіпсіз түрде көрсету керек.

Түсіндіру жұмыстары үшін қысқа таныстырылым немесе қарапайым ереже жазылған шағын нұсқаулық беруге болады.

5-қадам: Бастап кету және қолдауды үзбеу

Игі іске кіріскен соң, мыналарға мән беру керек:
• кім қатысып жатыр, пікірлерін жазып отыру;
• фото мен видео түсіру (алдын ала рұқсат алу);
• ҮЕҰ серіктесіңізбен байланыста болу;
• командамен бірге талқылау жасауға уақыт бөлу (мысалы, іс-шарадан кейінгі пікір алмасу).

6-қадам: Ақпарат тарату және қорытынды жасау

Коммуникация деген тек сыртқы PR емес. Бұл - ұжым ішіндегі қолдау, алғыс айту, оқиғаларды бөлісу және басқа әріптестерді қызықтыру.

Жоба соңында мына сұрақтарға жауап іздеңіз:
• қанша адам қатысты?
• олар не ойлайды, қандай әсер алды?
• жобаның қоғамға не серіктес ұйымға қандай пайдасы тиді?
• келесі жолы нені жақсартуға болады?

Тіпті қарапайым кері байланыс формасы - алдағы волонтерлік іс-шараларды жақсартуға көмектеседі.

Корпоративтік волонтерлік - жай ғана көмектесу емес. Бұл - компанияның адаммен жақындасуы, сенім орнатуы және ұзақ мерзімді қарым-қатынастар құру тәсілі. Ол жүйелі жүргізілсе, волонтерлікті бір реттік акция деп қана емес, компания дамуының маңызды бір бөлігіне деп қарастыруға болады.

@qazvolunteer.kz

Last news
30.08.2025 4043 0
«Кішкентай тасбақа өмірімді өзгертті»: эковолонтер Дана Ахметжанова
Read more
25.08.2025 1982 0
«Жақсылық адамдарды біріктіреді»: корпоративтік волонтер Байдүйсен Жұлдызаймен сұхбат
Read more
22.08.2025 182 0
Шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена