Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News

23.03.2020 1769 0

#Bizbirgemiz: Еріктілер төтенше жағдай кезінде ардагерлерге дәрі-дәрмек жеткізіп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында волонтерлер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге қажетті дәрі-дәрмек, азық-түліктер жеткізіп берді. 

Елбасы бастамасымен қолға алынған қайырымдылық акциясының ауқымын кеңейтіп, қолдау көрсеттік. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Бүгін Көкшетау қаласында екі ардагердің үйіне бардық. Оның біреуі – 96 жастағы Василий Горбонос. Оған қымбатты дәрі-дәрмектер апарып бердік.  Осының алдында өзі бізге хабарласып, қолдау көрсетуімізді сұраған. Өзінің қымбат медициналық дәрі-дәрмектер алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан бүгін антесептик, витаминдер, сүт тағамдарын, жеміс-жидек және бірінші кезекте қажетті азық-түлік түрлерін апардық. Екіншісі – 95 жастағы Николай Дериглазов. Оған да дәл солай. Мұның алдында біздің қолдау көрсетуімізді қызы өтінген болатын. Бұл ардагерімізге де дәл солай Горбоносқа апарғандай медициналық маска, антисептик, витамин және азық-түлік жеткізіп бердік. Дериглазов сонымен қатар, үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді өтінді. Біз оған көмектесеміз. Сондай-ақ біздің достарымыз Бурабайда да осы акцияны жалғастырды. Ол жақта тұрмысы төмен отбасыларға бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып әперді, - дейді Ақмола облыстық ҚХА ассамблеяның еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Умар Шоназаров. 
вол1.jpeg

Айта кетейік, кеше Ақмола облысының  волонтерлері денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған адамдарға қажетті дәрі-дәрмекті үйіне жеткізіп берген болатын. 

вол2.jpeg

#bizbirgemiz акциясы шеңберінде қолға алынған акцияның мақсаты - коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағдайында азаматтардың байланысын барынша шектеу. Қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп біздің медицина саласындағы қызметкерлеріне көмектесу.





Фото: дереккөз
Last news
30.05.2026 196 0
«Өзгенің қайғысына бейжай қарамау»: зооволонтер Светлана Жумабаевамен сұхбат
Read more
22.05.2026 1078 0
Әрбір үшінші қазақстандық экологиялық акцияларға қатысады
Read more
18.05.2026 1461 0
«Зооволонтерлікті дамыту», « Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» және «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыттары бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена