Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Профиль

Данагүл Сермухамбетқызы Төлекбаева

Волонтер ID: 51790
Облыс:

Батыс Қазақстан облысы

Елді мекен:

Батыс Қазақстан облысы, Орал

Бағыттар:
Әлеуметтік волонтерлік
Еріктілік тәжірибесі:

36 жыл

Өзің туралы

Мен, Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызы, 1998 жылы, 30 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында дүниеге келдім. 2004-2015 жылдары БҚО Қаратөбе ауданы Аққозы ауылындағы «Аққозы жалпы орта білім беретін мектебінде» білім алдым. 2015 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетіне 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына оқуға түстім. 2017 жылы VIII Республикалық «Ғылыми шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында екінші орын алдым. 2017 жылы ХVІІ халықаралық ғылыми студенттік конференцияда «Ең үздік мультимедиялық презентация» грамотасымен марапатталдым. 2017 жылдың 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай, Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің қабырғасындағы шараларға белсенді қатысқаным үшін алғыс хатпен марапатталдым. 2017 жылы Қаратөбе аудандық жастар премиясының «Үздік жас ғалым» аталымы бойынша марапатталдым. 2017– 2018 оқу жылында Президенттік стипендия іліктім. 2018 жылдың 13 – 15 наурыз аралығында Батыс Қазақстан инновациялық университетінде 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты XVIII халықаралық жас ғалымдардың ғылыми конференциясына қатысып 1 орынға ие болдым. 2018 жылдың 24 сәуір айында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқу курсын аяқтадым. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында 10-11 тамыз аралығында өткен 90 жылдық мерейтойында ерікті ретінде қатыстым (волонтер). 2018 жылдың 25 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде экономикалық мамандықтар арасында «Экономика инновациясы және модернизациясы» тақырыбындағы XVII Республикалық Олимпиадаға қатысып 2 орынға ие болдым. 2018 жылдың 9 қараша айында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы бойынша оқу курсын аяқтадым. 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің ректоры, профессор Р.С.Габдулиева ел егемендігінің еңселі болуына ат салысып, өзінің ізденімпаздылығымен, қырағылымен, білімділігімен ерекше көзге түсіп, оқуда озат болғаны үшін алғыс хатпен марапаттады. 2019 жылы Шаңырақ жасөспірімдер үйінің әкімшілігі Жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жасаған арнайы көмегім үшін алғыс хатпен марапаттады. 2019 жылдың наурыз айында «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференция өтті. Конференция барысында Республикалық «Үздік студент - 2019» жобасының марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсімінде БҚИТУ «Тілдер және менеджмент» факультетінің 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызына «Жылдың үздік студенті» төс белгісі тағылып алғыс хат берілді. Республикалық олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға, байқауларға белсенді қатысқаны үшін «Жас қыран» республикалық талантты жастардың кітап жинағына енді. 2019 жылдың 4 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақыны Шолпан Қыдырниязованың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған іс–шараға ерікті ретінде қатыстым (волонтер). 2019 жылдың 10-14 маусым күндері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Парасаттылық мектебін аяқтадым. 2019 жылдың маусым айында «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының дарынды жастарын қолдау мақсатында, жастар жылының аясында шығарылған «Жылдың үздік студенті» атты республикалық жинақ кітабына енгізілгені үшін «Қазақстан 100 үздік көшбасшы студенті» атты республикалық байқаудың 2 дәрежелі жеңімпазы атандым. Оқуда озат, республикалық олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға, байқауларға белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан 100 үздік көшбасшы студенті» атты республикалық көшбасшы жастардың кітап жинағына ендім. 2019 жылдың 27-28 тамыз күндері арасында Жастар жылы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы шеңберінде мастер-класс, тренингтер мен семинарларға қатысқаным үшін сертификатпен марапаттады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсы шеңберінде «Жас кәсіпкер» жобасын аяқтадым. «Бизнесті жоспарлау» тақырыбындағы семинар – тренингке қатысқаным үшін сертификатпен марапаттады. БҚО, Қаратөбе ауданда өз ісінің шебері боп танылған дарынды жастарды қолдау мақсатында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы сондай – ақ «Мұхит жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен оздырылған «Жыл үздігі - 2019» шарасы өтті. Сол шарада БҚИТУ, Тілдер және менеджмент факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасы, 7М04102 «Экономика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызы Қаратөбе ауданының жастар сыйлығы «Үздік студент» аталымының иегері атанды. Айта кетейік, шараның басты мақсаты: қызметтегі жетістігімен көзге түскен, үздіктер қатарындағы жастарды анықтау. 2019 жылдың желтоқсан айында «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында «Жастар жылына» орай «Жастар еліміздің болашағы» атты республикалық форум өтті. Форум барысында Республикалық «Үздік жас маман - 2019» байқауының марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсімінде БҚИТУ «Тілдер және менеджмент» факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасы 7М04102 «Экономика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік жас маман -2019» атты республикалық байқауының 1 дәрежелі жеңімпазы атанды. Білім және ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін «Үздік жас маман – 2019» атты төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді. Білім беру ұйымдарының ғылым жолында жеткен жетістіктері үшін «Үздік жас маман - 2019» атты республикалық байқаудың материалдар жинағына енді. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетінің 7М04102 "Экономика" білім беру бағдарламасының 2 курс магистрантымын. Менің алға қойған мақсатым - жоғары білім алып, елімнің дамуына үлкен үлес қосатын білікті маман болып шығу және ата – анамның маған деген үмітін ақтау. Мұқағали атамыз айтпақшы «Игілікті мақсаттың үлкені мен кішісі болмайды, сол мақсатқа жету жоспары үлкен болғаны дұрыс. Адам баласы мақсатына маңдай тері, парасатты білімі мен салиқалы сабыры, шынайы сезімі арқасында жете алады» деген. Менде осы мақсатым жолында бар күш жігерімді жұмсап, аянбай еңбек етіп, өзімнің көздеген мұратымның жұлдызы болатындығыма сенімдімін.

Волонтерлік қызмет

  • Жүзеге асып жатқандар
  • Жоспардағылар
  • Аяқталғандар

Белсенді жобалар жоқ

Жоспарланған жобалар жоқ

Аяқталған жобалар жоқ

Спасибо! ваша заявка отправлена