Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Профиль

Оразбай Бақытжанқызы

Волонтер ID: 15821
Облыс:

Астана

Елді мекен:

Астана, Астана

Бағыттар:
Әлеуметтік волонтерлік
Мәдени волонтерлік

Өзің туралы

Мен Оразбай Фариза казіргі уақытта Қазақ агротехникалық университетінде кадастр мамандығында 3 курста оқып жатырмын. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Қайырымдылық демекші, елімізде өзгенің жылуы мен көмегіне мұқтаж жандар өте көп. Мұндай жандардың басым бөлігі – әртүрлі себептермен мүгедек атанып отырғандар. Статистикалық мәліметтерге сенсек, бүгінгі таңда Астана қаласында 19 мыңға жуық мүгедек тіркелген екен. Мен туылған кезімде маған коксартроз деген диагноз қойды. 1-2 жасымда жамбасыма 2 рет операция жасалған болатын, бірақ одан аяғым дұрысталып кетпеді. 9 сыныпта оқып жүргенімде осы Астана қаласындағы Ана мен бала больницасында аяғыма аппарат елизарова салдырған болатынмын.Сол аппаратта 9 ай жатып, аяғымды 5 сантиметрге аппарат арқылы создым. Қазір құдайға шүкір аяғым жақсы. Сол кезде қорқынышымды жеңіп оперция жасатқаныма қазір қуанамын. Мен осы бағдарлама арқылы көмекке мұқтаж жандарға көмектескім келеді.

Волонтерлік қызмет

  • Жүзеге асып жатқандар
  • Жоспардағылар
  • Аяқталғандар

Белсенді жобалар жоқ

Жоспарланған жобалар жоқ

Аяқталған жобалар жоқ

Спасибо! ваша заявка отправлена