Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз


Волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық кеңістігін құрамыз!

Орталық туралы

Халықаралық волонтерлік орталық (ХВО) – өзара түсіністікті, серіктестікті және волонтерлікті дамытуға ықпал ететін басты халықаралық алаң. Оны құру туралы бастаманы Қазақстан 2023 жылы жазда Астанада өткен Халықаралық волонтерлер форумында көтерді, оны Орталық Азия елдері, Әзірбайжан және Түркия қолдады.

ХВО үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді және азаматтық белсенділерді тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды әзірлеу және волонтерліктің халықаралық ынтымақтастық пен тұрақты дамудың маңызды факторы ретіндегі рөлін нығайту мақсатында біріктіреді.

Басты міндеттер

Халықаралық деңгейде волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау
Әртүрлі елдердің волонтерлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту
Волонтерлік қызмет саласында білім мен үздік тәжірибелермен алмасу үшін жағдай жасау

Серіктестік және ынтымақтастық

Халықаралық волонтерлік орталық өзінің миссиясын табысты жүзеге асыру үшін өңірдің жетекші ұйымдарымен стратегиялық серіктестікке сүйенеді. ХВО атқарушы комитетіне мыналар кіреді:

  • Әзірбайжанның волонтерлік ұйымдар одағы

  • Қырғызстанның «Қызыл жарты ай» ұлттық қоғамы

  • «Музаффар» қайырымдылық қоры (Тәжікстан)

  • «Ahbap» қауымдастығы (Түркия)

  • Өзбекстан волонтерлер қауымдастығы

Қазіргі уақытта Түрікменстан өкілдерін атқарушы комитетке енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, бақылаушы серіктестер мәртебесін алды:

  • «Active Volunteers» халықаралық қоғамдық қоры

  • «DiplomacyPRO» дипломаттар қауымдастығы (Қырғызстан)

  • «Пешрафт» қоғамдық қайырымдылық ұйымы (Тәжікстан)

  • Республикалық волонтерлер орталығы (Беларусь Республикасы)

Жаңа бастамаларға ашықтық

ХВО халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылады және әртүрлі елдердегі волонтерлік ұйымдармен, бастамашыл топтармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасауға дайын.

📩 Байланыс: +7 708 706 4242, e-mail: mcvnvs@gmail.com, Instagram @ivc_2023 

 


Спасибо! ваша заявка отправлена