Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жобалар "Қауіпсіз қала" жастар акциясы

Бізбен байланысыңыз

"Қауіпсіз қала" жастар акциясы

10.01.2020 — 15.01.2020

с 16:00 по 16:00

Батыс Қазақстан облысы, Орал, Ж.Молдағалиева 19

0 / 50 қабылдаған волонтерлар

2 жауап қайтарған волонтерлар

Жоба туралы

2020 жылдың 6-15 қаңтар аралығында барлық жерде ашық тұрған люктерге және газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» атты акция – рейдті жүргізу жоспарлануда. Аталған акция Төтенше жағдайлар департаментімен (бұдан әрі – ТЖД) және жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) бірлесіп өткізіледі. Люктерге арналған қақпақтар панацея емес және көп жағдайда ұрлық объектілері болып табылатына байланысты, бүгінгі таңда, Қазақстан бойынша ашық люктер шешілмеген және өткір тұрған проблемалардың бірі. «NurOtan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ жалпы әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсетуде ешқашан тыс қалмайды және бұл екі жағдай да ерекшелік емес. 2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы болып жариялануына және қазіргі уақытта елімізде 50 мыңнан астам белсенді еріктілер қатысатын 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейтініне байланысты, акцияға еліміздің белсенді жастары да қатысады. Мақсатты топ. Облыс орталықтары мен аудандары. Қала сыртында люктердің қақпақтарын ұрлау жиі орын алып отырғандықтан, қала шетінде құдыққа құлап кету ықтималдығы жоғары, сондықтан облыс орталықтарының төңірегіне ерекше назар аударылады. Газ жабдығы бар тұрғын үйлер. Мақсаттары мен міндеттері. Ақпарат бірлескен рейдтер мен мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ қалалықтардан жиналады және тиісті қызметтерге берілетін болады. Іс-шаралардың негізгі міндеттері: - Ашық тұрған люктерге рейд жасау; - Газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жасау; - Жиналған ақпаратты тиісті қызметтерге және облыстық әкімдіктерге беру; - Жұртшылықты хабардар ету және әлеуметтік желілер арқылы жанама нұсқау беру, ашық құдықтар немесе қақпағы нашар құдықтар табылған жағдайда бұл туралы тиісті органдарға - қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына шұғыл хабарлау болу керек. Ашық тұрған люктерге рейд - акцияны өткізудің күтілетін нәтижесі - қоғамды проблемаға тарту және оны одан әрі шешу, атап айтқанда бүлінген люктерді ауыстыру және жаңа люктерді орнату болып табылады. Газ кему датчиктерінің жай-күйіне мониторинг жүргізудің күтілетін нәтижесі - газ жабдығын тиісінше ұстау бойынша мемлекеттік стандарттарды орындау, атап айтқанда оны уақтылы ауыстыру немесе жөндеу болып табылады.

Рөлдер

"Қауіпсіз қала" жастар акциясы

10.01.20 — 15.01.20

с 00:00 по 00:00

0 / 50 бос емес

Ұқсас жобалар

Помощь Lider.kz
Помощь Lider.kz

19.04.2023 04:53

19.04.2023 — 01.01.2027, с 14:40 по 14:40 Алматы облысы, Талдықорған ОО волонтерский центр Lider.kz
Әлеуметтік волонтерлік
ТЖ волонтерлік
Волонтерлер қажет
"Дорога домой"
24.11.2022 — 24.11.2025, с 11:26 по 11:26 Маңғыстау облысы, Ақтау Волонтерское Движение "LIDER.KZ" город Актау
ТЖ волонтерлік
Волонтерлер қажет
Спасибо! ваша заявка отправлена