Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жобалар "Бізбен бірге"

Бізбен байланысыңыз

"Бізбен бірге"

01.05.2016 — 19.12.2019

с 13:23 по 13:23

Шымкент, Шымкент, Шымкент қаласы аумағы

0 / 300 қабылдаған волонтерлар

0 жауап қайтарған волонтерлар

Жоба туралы

Қысқаша өмірбаяны: Мен Ашимова Жасмин Аскаровна 2013 жылы ОҚО Жетісай қаласында орта оқу орынын қызыл куәлікке тәмамдап, 2013 жылы «Жоғарғы жаңа технологиялар колледжіне «Құықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп 2016 жылы қызыл дипломға бітірдім. Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Құқықтану мамандығы бойынша тамамдағанмын, Қазәргі таңда осы оқу орнында Магистр дәрежесінде оқуымды жалғастырудамын. Еріктілік бағытын 2014 жылдан бастап қызығушылықпен бастадым. 2016 жылы ақындық бағытында мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалар үйінің балаларына, қарттар үйіне барып қайрымдылық концерттерін ұйымдастырып өзіме команда қалыптастырдым, сонымен қоса ол сәттерде мамндығым заңгер болғандықтан маргиналды жастармен көбірек жұмыс жасадым, 2017 жылы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне облыстан аттандым. Экспода өнер сайысынан Облыс атынан Бас жүлде жеңіп алдым. Ол жақта түрлі іс-шаралар өткіздім, қайрымдылық акцияларын өткіздім сол еңбектерімді ескере «2017 жыл Еріктісі» үздік ерікті жас номинациясына жетістім. 2017-жылдың қыркүйегінен бастап Облыстық «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің көшбасшысы болып тағайындалдым. 2018 жылы Түркістан облысы әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қолынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» номинациясымен марапатталдым. 2018 жылда Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен «Денсаулық елшісі» болып тағайындалдым. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің СПК кәсіпкерлік бөлімінің жанынан құрылған «Made in Shymkent» волонтерлар клубының президенті болып сайландым. Республикалық “Қайрымдылық керуені” конкурсының жеңімпазы. Қазіргі таңда еріктіліктің дамуы мен өркендеуі үшін түрлі іс-шаралар мен игі бастамалар орындалуда. Ерікті болу- менің жаныма рахат сыйлайды. Өзгелерге көмектескенен жаным тынығып, жүрегім рахат алады. Өмірдегі басты мақсаты: Қазақстанның дамуына және халықтың мұң мұқтажынан арлылуына ықпал ету. Жастарды жігерлендіріп болашақ көшбасшыларды даярлау. Болашақта Ел мүддесі үшін мемлекетке адал қызмет ету. Өз жетістіктерімді үлгі ете отырып, жастарды мейрімділікке баулып мейрімді ерікті жастарды тәрбиелеу. Жетістіктері: 2015 жылдан бастап ОҚО Жасөспірімдер кітапханасының «Темірқазық» түнгі кітапхана клубымен бірлесе түрлі қайрымдылық концерттер мен акциялар өткізген. 2016 жылы Үздік ақын атанған, ақындық шығармашылық бағытта қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастырған. Жастарды дамыту корпусының "Jasproject" жобасына жоба ұсынып, одан қаржылық сыйақы ұтып алып, қаражатқа қайрымдылық бағытында «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, Балалар үйінің балаларына» арналған игі жоспарларын жүзеге асырған. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің республикалық және халықаралық деңгейдегі еріктісі Халықаралық «Қазақ-Түрік» инвестициялық форумының халықаралық деңгейдегі еріктісі «Ұлы дала қуаты» Республикалық Экспо еріктілер байқауының жүлдегері «Астана Экспо-2017 көрмесінің» еріктілер арасындағы Үздік өнер номинациясының жеңімпазы Үндістан елшілігінің, Central Asian Business Centre, Облыс қала әкімдері мен басқарма басшылары және министрлерінің қолынан ерікті белсенділігі үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталған ОҚО әкімінің «Үздік жастар премиясы» жастар сыйлығының «Үздік жас ерікті» 2017 номинациясының лауреаты. Облыстық «Бізбен бірге еріктілер» мектебінің көшбасшысы. Облыстық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» номинациясының лауреаты 2018 жылда Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен «Денсаулық елшісі» болып тағайындалған. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Шымкент қала әкімшілігінің СПК кәсіпкерлік бөлімінің жанынан ашылған «Made in Shymkent» волонтерлар клубының президенті болып тағайындалған 2019 жылдың қыркүйек айында жастардың сайлау нәтижесімен Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депцтаты болып сайланған. 2019 жыл Республикалық «Жастар кадрлық резерві» жобасының жеңімпазы болды. Республика бойынша 51 адам іріктеліп алынып 3 азамат Шымкенттен ҚР парламентінде тағлымдаиадан өтті. Еңбектері: соңғы мәліметтер бойынша Ж.Ашимова команда құрып 2015-2018 жыл аралыңында ірілі ұсақты 408 іс-шара өткізген. 2018 жылдың өзін ғана айтсақ өз командасымен ірілі ұсақты, жеке және біріге 108-ден аса іс шара ұйымдастырған атап айтсақ, жыл бойы балалар үйіне 10 мәрте барып, ойын машиналары мен дастархан, концерттік бағдарлама сияқты қызықты бағдарламаларымен балаларды қуантуға арналған акциялар өткізген. Көктем мезгілінде Шығыс Қазақстан Аякөз елді мекеніндегі су тасқынына көмек жинау кезінде белсенділік танытып, 1 тоннаға жуық азық-түлік пен керекті тұрмыстық заттар жинауға командасымен ат салысқан, Шымкент қаласындағы салынып жатқан Қазақстандағы ең үлкен мешіт болғалы жатқан киелі мекеннің 300-ден аса құрылысшыларына арнап командасымен бір неше рет ас беріп, бір неше рет ас тарату акциясын өткізген. Ораза айында Шымкент қаласындағы Бекжан мешітінде 200 адамға ауыз ашар беріп командасымен сауапті іс жасаған, Көктем, қыс айларында жыл бойы 20 мұқтаж отбасыларға көмір, азық түлік, киім кешектермен қамтылуына ықпал еткен Одан бөлек қарттар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балалар орталықтарына да барып қайрымдылық іс-шараларын өткізген. Сонымен қоса мерекелік іс-шаралар мен Ардагерлерге құрмет акцияларының өтуіне белсенді түрде ат салысқан. Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету барысында ерікті жастарды жұмылдырып белсенді үлес қосқаны т.б. Республикада алғашы рет Мисс және Мистер волонтер сайысын өткізген Осы іс шаралардан үзінді ретінде бірнеше іс шаралар мәліметі мен суреттері слайд жасалып алғысхаттармен бірге тіркелді.

Рөлдер

"Бізбен бірге"

01.05.16 — 19.12.19

с 00:00 по 00:00

0 / 300 бос емес

Ұқсас жобалар

«Действия Казахстана по борьбе с торговлей детьми».
13.08.2024 — 31.03.2026, с 14:22 по 14:01 Алматы, Алматы социальный проект "Действия Казахстана по борьбе с торговлей детьми"
Әлеуметтік волонтерлік
Волонтерлер қажет
Танцевальное мероприятие “On The Stage”
10.08.2024 — 11.08.2024, с 09:00 по 09:00 Астана, Астана Организация ивентов “THE STAGE”
Әлеуметтік волонтерлік
Оқиғалық волонтерлік
Мәдени волонтерлік
Аяқталды
Спасибо! ваша заявка отправлена