Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Профиль

Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" Коммуналды мемлекеттік мекемесі

Ұйымдастыру ID: 93
Облыс:

Батыс Қазақстан облысы

Бағыттар:
Экологиялық волонтерлік
Әлеуметтік волонтерлік
Медиа-волонтерлік
Оқиғалық волонтерлік
ТЖ волонтерлік
Мәдени волонтерлік
Корпоративтік волонтерлік
Бізбен байланысыңыз: 8(7112)972002 oral_jastary@mail.ru

Ұйым туралы

Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылы 13-ақпан күні ресми түрде тіркелді. Мекеме өз жұмысын ағымдағы жылдың мамыр айынан бері жүргізіп келеді. Мекеме өз жұмысы барысында Орал қаласындағы мемлекеттік жастар саясатын дамыту, ақпараттық-талдау және дін мәселелері бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Қазіргі таңда мекемеге қарасты 4 бөлімде барлығы 15 қызметкер (штат бойынша) жұмыс жасайды: 1) Жастар бастамаларын қолдау бөлімі; 2) Консультациялық қызметтер көрсету бөлімі; 3) Мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі; • Жастар бастамаларын қолдау бөлімі: Жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жастардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, білімрухани адамгершілігін, шығармашылық, дене күш қуатын дамыту және патриотизм мен шыншылдықты нығайту т.б. бағыттарда жұмыстарды атқарады; • Консультациялық қызметтер көрсету бөлімі: Жастар өкілдеріне консультативті-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету, жастарды жұмысқа орналастыру, жастарға теологиялық кеңестер беру, мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру т.б. бағыттарда қызмет атқарады. • Мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі: Жастар мен жастар ұйымдарының проблемаларына талдау мен мониторинг жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау бағытында жұмыстарды жүргізеді. Қазіргі кезде орталық Орал қаласындағы жастарға қатысты мәселелерді шешу бағытында барлық оқу орындарымен және бірқатар кәсіпорындармен өзара әріптестік бойынша меморандумға отырып, жастардың азаматтық бастамаларының, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетінің дамуын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен басымдықтарды орындау, республика аумағында қолға алынған барлық мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламар мен жобалар бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізуде. Қазіргі таңда орталықтың бір бөлігі жастарға шағын коворкинг орталығы ретінде пайдалануға беріліп, аталған орталық қазір жастардың ой-пікірлерін бөлісуге, жастардың өзін-өзі дамытуға үлкен қолдау болып отыр.

Оқу мерзімі:

13.02.2018

Бастық:

Сахиев Болатбек Жеткергенұлы

Заңды мекен-жайы:

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 182/1

Нақты мекен-жайы:

Орал қаласы, Хамид Чурин көшесі 116

Жобалар

  • Жүзеге асып жатқандар
  • Жоспардағылар
  • Аяқталғандар 5

Белсенді жобалар жоқ

Жоспарланған жобалар жоқ

URALSK JOB FAIR - 2019

Мерзімдері: 19.07.19 - 19.07.19

Батыс Қазақстан облысы, Орал
Түнгі coworking

Мерзімдері: 21.06.19 - 21.06.19

Батыс Қазақстан облысы, Орал
"Liga Jastar" волейбол лигасы

Мерзімдері: 16.02.19 - 21.04.19

Батыс Қазақстан облысы, Орал
Батыс Қазақстан облысы, Орал
"Жәрдем" акциясы

Мерзімдері: 01.02.19 - 02.03.19

Батыс Қазақстан облысы, Орал
Спасибо! ваша заявка отправлена