Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Профиль

Kind Mind

Ұйымдастыру ID: 5566
Облыс:

Ақмола облысы

Елді мекен:

Ақмола облысы, Shshýchınsk

Бағыттар:
Әлеуметтік волонтерлік
Еріктілік тәжірибесі:

4 ай

Бізбен байланысыңыз: +7 (775) 581-47-94 botagozzhaparova@icloud.com

Ұйым туралы

Kind Mind бұл passion project

1. Неден басталды? (Ашылу тарихы)

Клубтың негізі IQanat грантын ұтып, үлкен арманмен ауылдан келген оқушылардың жаңа мектепке адаптациялану кезеңінде қаланды.

Ауылда «Алтын белгіге» оқыған үздік оқушылар үшін ағылшын тіліндегі қиын бағдарлама мен жоғары бәсекелестік ауыр академиялық қысым тудырды. Бағаны төмендетіп алу қорқынышы ТЖБ кезінде шегіне жетіп, кей балалар қорқыныш пен стресске шыдай алмай, армандап келген мектебіндегі грантынан бас тартып кеткен жағдайлар да болды.

Осы оқиғалар баға қуалаудан да маңыздырақ нәрсе — эмоционалды қауіпсіздік пен бауыррмашылық қолдау екенін ұғындырды.

2. Дәл қазір не істеп жатырмыз?

Бүгінде «Kind Mind» — бірде-бір бала өзін жалғыз немесе шарасыз сезінбеуі үшін жұмыс істейтін жүйе:

  • 🤖 Анонимді Telegram-бот: Оқушылар ішкі сырлары мен үрейін анонимді бөлісіп, волонтерлардан 24/7 моральдық қолдау алады.

  • 📢 Telegram-канал: Ментальды дамуға арналған айдарлар, психологиялық фактілер мен пайдалы кеңестер алаңы.

  • 🎶 Thursday Stress Relief: Аптаның ең ауыр күні — бейсенбі екенін анықтап, бұл күні бүкіл мектеппен позитивті әндер қосып, сергіту ойындарын өткіземіз.

  • 🧠 Stress Relief Week: СОЧ/СОР алдында оқушыларды артық ойлардан арылтып, стрессті басатын арнайы апталық ұйымдастырамыз.

3. Алдағы мақсатымыз

Осы жиналған тәжірибе мен нақты деректер негізінде жақын арада оқушылардың академиялық стресін жеңуі мен ментальды саулығы бойынша жеке ғылыми зерттеу жұмысымызды жазып шығамыз.

Командалық құрылым мен жұмыс үрдісі
«Қазіргі таңда «Kind Mind» клубында 14 белсенді волонтер жұмыс атқарады. Біздің команда — әр мүшесі белгілі бір бағытқа жауап беріп, өз саласы бойынша көшбасшылық рөлді мойнына алған біртұтас жүйе.

Біз автономды көшбасшылық пен берік командалық бірлікті ұштастырамыз: әр волонтер өз бағытын дербес дамыта отырып, маңызды шешімдерді бірлесе қабылдайды. Командада «ашық диалог» және өзара қолдау мәдениеті қалыптасқан — біз бір-біріміздің идеяларымызды тыңдап, оларды жүзеге асыруға ортақ күшпен көмектесеміз.

Бағыттар мен 14 көшбасшылық рөл:
Telegram & Visual Lead — Телеграм-каналдың контенті мен визуалды бағытына жауапты көшбасшы.

Content Creator & Copywriter — Посттар дайындау мен ақпараттық мәтіндер авторы.

Space & Vibe Designer — Мектеп ішіндегі декор мен атмосфераға жауапты дизайнер.

Decor & Media Assistant — Оформление және медиа-материалдарды дайындауға жауапты.

Sound & Technical Specialist — Музыкалық аппаратура, дыбыс және плейлисттерге жауапты.

Music Event Host & DJ — Музыкалық үзілістер мен интерактивтерді жүргізуші.

Radio Voice & Presenter — Мектеп радиосының негізгі жүргізушісі мен дауысы.

Radio Scriptwriter & Editor — Радиоэфирлердің сценарийін жазушы және редакторы.

External Projects Lead — Сыртқы жобалар мен жаңа бастамаларды үйлестіруші.

PR & Communications Officer — Сыртқы байланыс пен анонстарға жауапты маман.

Bot Care Operator — Анонимді Telegram-боттың үздіксіз жұмысын қадағалаушы.

Anonymous Letters Curator — Анонимді хаттар мен қолдау хаттарын жинаушы және модератор.

Logistics & Inventory Master — Реквизиттер, құралдар мен материалдарды дайындаушы.

Event Operations Controller — Іс-шара өтетін орындарды, уақытты (тайминг) және тәртіпті бақылаушы.

Оқу мерзімі:

03.04.2026

Бастық:

Жапарова Ботагөз

Заңды мекен-жайы:

Акмолинская область, Бурабайский район, г. Щучинск, юго-восточный берег озера Щучье, 46А.

Нақты мекен-жайы:

Акмолинская область, Бурабайский район, г. Щучинск, юго-восточный берег озера Щучье, 46А.

Жобалар

  • Жүзеге асып жатқандар 1
  • Жоспардағылар
  • Аяқталғандар 1
KIND MIND everyday

Мерзімдері: 05.10.26 - 25.05.27

Ақмола облысы, Shshýchınsk

Жоспарланған жобалар жоқ

Stress-relief-week

Мерзімдері: 12.10.26 - 16.10.26

Ақмола облысы, Shshýchınsk
Спасибо! ваша заявка отправлена