Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Профиль

"Казцинк өндірісші волонтерлары" тобы

Ұйымдастыру ID: 4456
Облыс:

Қарағанды ​​облысы

Елді мекен:

Қарағанды ​​облысы, Демо район, Демо село

Бағыттар:
Экологиялық волонтерлік
Әлеуметтік волонтерлік
Оқиғалық волонтерлік
Жануарларға көмек
ТЖ волонтерлік
Мәдени волонтерлік
Спорттық волонтерлік
Этно-волонтерлік
Еріктілік тәжірибесі:

1 жыл

Бізбен байланысыңыз: 87775729343 [email protected]

Ұйым туралы

«Казцинк өндірісші волонтерлары» тобы 2019 жылдың қараша айында "Жәйрем кен байыту комбинаты" АҚ Кәсіподақ ұйымы жанынан комбинат жұмыскерлері арасында құрылды.  Топтың басты мақсаты кенттегі көмекке мұқтаж жандарға, нақтырақ айтсақ, көп балалы жалғыз басты аналарға, аз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету болды. ТОП ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІГІ ВОЛОНТЕРЛЫҚ ЖҰМЫСТАҒЫ ЖҰМСАЛҒАН БАРЛЫҚ ҚАРАЖАТ ВОЛОНТЕРЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАЛТАЛАРЫНАН ШЫҒЫП ОТЫРАДЫ. ОСЫ БІР ЖЫЛ ІШІНДЕ ВОЛОНТЕРЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ШАМАМЕН 2 млн. ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ЖИНАДЫ. Құрылған сәтте құрамында 25 волонтер болған топтың қатары қазіргі таңда 120 адамға жеткен. Топтың жетекшісі- Наурызбаева Гауһар Насыритдинқызы. «Казцинк өндірісші волонтерлары» тобының ең алғаш өткізген қайырымдылық акциясы "Әркім де Аяз ата бола алады" деп аталды. Жаңа жылға қарсы ұйымдастырылған акцияда волонтерлар шамамен 250 000 теңге қаражат жинап, кезек-кезек Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, кенттегі көп балалы жанұялардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға тәттілер жиынтығын, түрлі ойыншықтар үлестірді. Балалардан қалған тәттілерді жалғыз басты қарттарға таратты. Қаңтар айында "Қарттарды құрметтеу басты парыз" акциясын ұйымдастырып, кентімізде 100 жасқа толған Серікова Орал әжемізді құттықтап барып, сыйлықтарын жасап, үй шаруашылығына қажетті көмектерін жасады. Жиналған қаражаттан қалған ақша топтың қорында қалып отырады. Ақпан айында қордағы қаражатқа тағы да қаражат құйылып, кенттегі жалғыз басты қарттарға азық-түлік үлестіріліп, ол кісілердің аулалары қардан тазартылды, сонымен қатар жергілікті мекемелердің аулалары қардан тазартылды. Наурыз айында "Аяулы аналарды аялайық" атты акция ұйымдастырылып, кенттегі жалғыз басты әжейлерге барып құттықтап, сыйлықтарын табыстап, үй шаруашылығына көмектесті. 22- наурызда көп балалы көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтықтарын табыстады. Шамамен 16-наурызда елімізде пандемия кеселі басталып, жер-жердің бәрі жаппай қатаң карантинге жабылды.  Бұл кезде волонтерлардың жұмысы күрделене түсті. Бірден қаражат жинауды күшейтіп, бірден үйден шығуға тыйым салынған қарттарға (23 адам) азық-түлік жиынтықтары мен жуып-тазалауға арналған жиынтықтар таратылды. Қалған қаражатқа қажетті материалдар сатып алынып, волонтерлар өздері 1500 маска тігіп, жергілікті халыққа тегін таратты. Көмекке мұқтаж жандардың үйлерін аралап, әсіресе жалғыз басты қарттардың үйлерінің қабырғаларына байланыс телефондарымыз жазылған реквизиттарымыз ілінді. Ол кісілер кез-келген уақытта (тәулік бойы) сол қағазда көрсетілген байланыс телефондары бойынша волонтерларға хабарласып, қажетті заттарын (дәрі-дәрмек, газ баллондары, азық-түлік және т.б.) жеткіздіріп алып отырды. Волонтерлар барлық қызметті өздерінің жекеменшік көліктерімен атқарып отырды. Волонтерлар сонымен қатар, карантиндік күзет бекеттерінде кезекшілікте тұрған медициналық қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне 2 ай бойы кешкі ас тасымалдады. Сәуір айында мүгедек екі қарияның біріне мүгедектер арбасын, екіншісіне сүйеніп жүретін құрылғы (ходунок) сатып әпердік. Мамыр айының басын "Бір тал ексең, он тал ек" акциясымен бастадық. Қордағы қаражатты күшейтіп, облыс орталығынан 20 түп қарағай сатып әкеліп, ауылымыздан 15 түп жеміс-жидек талын сатып алып, кентіміздегі жалғыз балабақшаның жанына отырғыздық. Осы мамыр айында 20 көмекке мұқтаж отбасыға азық-түлік тараттық. 9-мамырда кентіміздегі 7 тыл ардагері мен 8 ауған соғыс ардагерлерін  құттықтап, сыйлықтарымызды табыстадық.  Оның ішінде 100 жастағы Серікова Орал әжеміздің үйінің кәріз құбырын жөндеуге 300 мың теңге қаржылай көмек көрсеттік.  Осылай қарқынды жұмыс істеп жүргенде біздің қызметімізді әлеуметтік желілерден көрген Өскемендік көп балалы ана көмек сұрап хабарласып, тағы да қаражат жинап Өскемен қаласына көмек жібердік. Одан бөлек көршілес Қаражал қаласындағы көмекке мұқтаж 15 отбасыға азық-түлік жиынтықтарын үлестірдік, Жәйрем кенті әкімшілігі ұйымдастырған тал егу акциясына өз үлесімізді қостық. Азып-тозып тұрған аялдамаларға жөндеу жұмыстарын жүргіздік.  Маусым айында "Әркім де әдемі бола алады" акциясын жүргізіп, кенттегі аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың шаштарын тегін қидық. Біздің осындай қайырымдылық шараларымызға қызыққан кент тұрғындары ақырындап, тобымызға қосыла бастады.  Пандемияға байланысты ай сайын 25 отбасыға азық-түлік жиынтықтарын үлестіруді дәстүрге айналдырдық. қатты ауырып қалған жалғыз басты қарттардың ауруханаға жылдам жетуіне көп қолғабыс еттік. 1-маусым Балаларды қорғау күніне арнап, қаражат жинап, кенттегі барлық балаларға 1000 балмұздақ тараттық. Ертегі кейіпкерлерінің рөліне енген волонтерларды көрген балалар мәз болды, ата-аналар алғыстарын айтысып жатты. Пандемияға байланысты карантин талаптарының сақталуы үшін, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың түнгі мезгілде көшеде жүруін болдырмау мақсатында құрылған ЕХЖ (ДНД) құрамына кіріп, түнгі кезекшіліктерге шықтық. Жергілікті ауруханада ашылған провизорлық бөлімшеге 5 тыныс алу жолдарын тазартатын құрылғы (ингалятор), 3 қысқа толқынды пеш, 2 тоңазытқыш, 1 теледидар сатып алып бердік. Біз еңбек ететін компания атынан 5 оттекті аппарат сатып алынды. Короновируспен ауырып жатқан науқастарға компания тарапынан тегін берілген дәрі-дәрмектерді үй-үйлеріне тараттық. Волонтерлар өздеріне төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан бір күнде 250 науқасқа дәрі жеткізіп берді. Шілде, тамыз айларында 44 отбасыға азық-түлік жиынтықтары үлестірілді. Тамыз айының ортасында «Казцинк өндірісші волонтерлары» жанынан кенттегі көп балалы аналардан құралған "Мейірімді аналар" тобы құрылды. Аталған топ та қаражат жинап, «Казцинк өндірісші волонтерлары» тобымен бірлесе "Мектепке барар жол" акциясын ұйымдастырып, кенттегі көмекке мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке қажетті оқу-құралдармен жабдықтадық. 30-тамыз Конституцияның құрылғанына 25 жыл толуына орай волонтерлар облыс орталығынан 25 түп қарағай сатып алып, көктемде балабақша жанына отырғызылған ағаштардың қатарын толықтырды. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында 5 жалғыз басты қарттардың аулаларын тазарту, үйлерін сылап-әктеу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айында волонтерлар 3 рет сенбілікке шығып, кенттің басты көшелерін қоқыстан тазартты. Қазан айындағы қарттар күніне орай жалғыз басты 8 қартқа азық-түлік жиынтықтарын үлестірсе, мүгедектер күніне орай 45 мүгедек балаларға тәттілер жиынтықтарын табыстады және І топтағы мүгедек жігітке ұялы телефон сатып әперді. Аз қамтылған 25 отбасының балаларының кентімізде қажет етеліп отырған мамандықтар бойынша тегін оқуға (колледж) түсулеріне септіктерін тигізді. Жалғыз басты қарттардың үйлерінде тазалау, жөндеу, сырлау, электр жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізу "Казцинк өндірісі волонтерларының" дәстүрлі жұмысына айналды. Осындай қайырымдылық шараларын волонтерлар өздерінің өндірістегі күрделі жұмыстарымен қатар алып жүрді. Атқарған еңбектеріне қарай «Казцинк өндірісші волонтерлары» тобының мүшелері Қарағанды облысы әкімінің, Қаражал қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталса, тамыз айында Конституция күніне орай тобымыз "Ерен еріктілік" номинациясына ие болды. Біз туралы республикалық, облыстық телеарналар сөйледі. Республикалық, облыстық, қалалық газеттер жарыса жазды. Халық арасында волонтерлар үлкен сеніммен құрметке ие болды. Алдағы уақытта тобымыздың қатарын ұлғайту және заңды түрде ресімдеу ойымыз бар. "Бірлессек алынбайтын қамал жоқ", "Қайырымдылық жасасаң, сауапқа кенелесің" деген ұран сөздер "Казцинк өндірісі волонтерларын" тек алға жетелейді. "Біз біргеміз" деп ұрандатқан "Казцинк өндірісі волонтерларының" суреттері салынған баннерлер көршілес елді мекендердің барлығында ілулі тұр. Қазіргі таңда волонтерлар пандемияның екінші толқынына және Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылға арнап түрлі шаралар жоспарлап, қаражат жинауда. Біз халық үшін еңбек етеміз! Біз тұрғанда кентімізде, сондай-ақ, елімізде ешкім де көмексіз қалмау керек. Кеудемізде намыс бар да, бойымызда күш-қайрат бар да біз айналамызға адал еңбек етеміз және одан шаршамаймыз және ештеңе аямаймыз! Біз біргеміз, берік іргеміз! АЛҒА ҚОЙҒАН ЖОСПАРЫМЫЗ КӨП! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТҮРЛІ ВОЛОНТЕРЛЫҚ ШАРАЛАРҒА ДА ҚАТЫСУҒА БАР МҮМКІНДІГІМІЗДІ ПАЙДАЛАНЫП, ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТІП, ХАЛҚЫМЫЗБЕН БІРГЕ БОЛУҒА БАР КҮШІМІЗДІ САЛАМЫЗ! Тобымызды заңды түрде бекіту жоспарымыз да бар!

«Казцинк өндірісші волонтерлары» тобы жұмыстары жарияланған әлеуметтік желілердің сілтемелері:

https://www.instagram.com/p/B6sqWyEF9wF/?igshid=c0mqwdsr5se3
https://www.instagram.com/p/B6srDkNFI5i/?igshid=y01ib509v380
https://www.instagram.com/p/B7GljWXFGcY/?igshid=1xq00ngyeautf
https://www.instagram.com/p/B7HIdxPBMIh/?igshid=ue5ac7fgtrfh
https://www.instagram.com/tv/B7wgWHGFFxu/?igshid=1g0zbv8lhhg0i
https://www.instagram.com/p/B-BG1S2FDMx/?igshid=6of9suwa3que
https://www.instagram.com/p/B-BG1S2FDMx/?igshid=1q9t6budkkzel
https://www.instagram.com/p/B-ppsG1lNkO/?igshid=a4i1dh3pj3w
https://www.instagram.com/tv/B-wukKjFCBH/?igshid=v0sodwlhy74m
https://www.instagram.com/tv/B-2ZxY5leqQ/?igshid=1pe7ptmpha1mb
https://www.instagram.com/p/B_AmM8AlFdJ/?igshid=q6b6xzwzrnwa
https://www.instagram.com/tv/B_BCT3rFrjB/?igshid=1tc7tvugv1bud
https://www.instagram.com/tv/B_BFGsVl43w/?igshid=6xofpnszru2i
https://www.instagram.com/tv/B_VWc2Ylc5j/?igshid=i8ilmqq8yuis
https://www.instagram.com/tv/B_aKOHtlSeI/?igshid=17nojr1z7hvki
https://www.instagram.com/p/B_xp_tBlNjQ/?igshid=cwycwtcz61ym
https://www.instagram.com/p/B_2ChBSlYeg/?igshid=s9chmpxrp4w
https://www.instagram.com/tv/B_2XNcrlA6c/?igshid=g3meey1mm5dl
https://www.instagram.com/p/B_9wVQKltlv/?igshid=6ejuqjwrdxja
https://www.instagram.com/tv/B_-7YeCFpCf/?igshid=1j7ni8597m3gh
https://www.instagram.com/tv/B__-zvblcf-/?igshid=1opruyxfnj7jt
https://www.instagram.com/tv/CAD0JOLFeZM/?igshid=18ijicsf44f53
https://www.instagram.com/p/CAKvKzvlR6m/?igshid=qab1zq5qnlhv
https://www.instagram.com/tv/CAK9PKXFdqL/?igshid=1lp2x1m5urw1g
https://www.instagram.com/p/CANQGTSlwZe/?igshid=14h5r71whk2l1
https://www.instagram.com/tv/CAUqQi-FXiZ/?igshid=10bzum3v0htoj
https://www.instagram.com/p/CAci3H5lm8g/?igshid=tgopkwv3vqwg
https://www.instagram.com/tv/CAlU6UBF4tp/?igshid=1r0eg4wtllocr
https://www.instagram.com/tv/CAmbNAalR2t/?igshid=1ddzrxekick8k
https://www.instagram.com/tv/CAtCIETF6yN/?igshid=949shkmv8sco
https://www.instagram.com/tv/CA1numsFqz7/?igshid=1pvxhf1r94x61
https://www.instagram.com/tv/CA8WFrbldzb/?igshid=13ff3phx71o31
https://www.instagram.com/p/CBCjxApFUyP/?igshid=q43x8gsco3gd
https://www.instagram.com/p/CBEWBHUFFnk/?igshid=qd0ufrbicyv4
https://www.instagram.com/p/CCinPMnlaD3/?igshid=q4t5i1beuuqo
https://www.instagram.com/p/CCnYfk3lqjQ/?igshid=9gm95k1q7kz5
https://www.instagram.com/p/CCyQxJ6FdKS/?igshid=1h9x5tryua7ry
https://www.instagram.com/p/CDO7-NSFu2W/?igshid=1jz131v59xplr
https://www.instagram.com/p/CDrfQiEF2Fv/?igshid=1e72loa7gdxcg
https://www.instagram.com/tv/CDuALuZFiZI/?igshid=1cteyxpzc375d
https://www.instagram.com/p/CESCeD6lIm_/?igshid=m2q7rsnr9w3n
https://www.instagram.com/tv/CEWazAQAoY6/?igshid=wp0zodj434c0
https://www.instagram.com/tv/CEe767VAn8d/?igshid=ko5amrxkw6t7
https://www.instagram.com/p/CEe-QEelkdZ/?igshid=1ns4fxyzqj0kl
https://www.instagram.com/p/CFeJcAKFTAB/?igshid=v6r73typjiho
https://www.instagram.com/p/CF2hXSCFUUd/?igshid=nbrf4lwbiy3n
https://www.instagram.com/tv/CGQCWLBgVP7/?igshid=9ce3k81totsj
https://www.instagram.com/p/CGRJ23TFu4U/?igshid=13x5ces375h0t
https://www.instagram.com/p/CGmbaoHlf5E/?igshid=14chpeoz776g
https://www.instagram.com/p/CGpP8clFgyh/?igshid=1gugdy2r1ppsi

 

Біз туралы сөйлеген БАҚ сілтемелері:


https://www.instagram.com/tv/CEkZfh_gsrg/?igshid=ucvrkqt2ydek
https://www.instagram.com/tv/B_Uy-foFRQb/?igshid=1btsuhd2ngyfy
https://youtu.be/HAgGxO8vJQU
https://youtu.be/1bjR7x8DFtY
https://dknews.kz/inner-news.php?id_cat=27&&id=86855
https://qazaqstan.tv/news/130502/

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=678084582736962&id=183442335534525


https://www.facebook.com/profile.php?id=100008796764634

Оқу мерзімі:

10.10.2019

Бастық:

Наурызбаева Гаухар Насыритдиновна

Заңды мекен-жайы:

Қарағанды облысы, Жәйрем кенті, Мұратбеков көшесі, 18

Нақты мекен-жайы:

Қарағанды облысы, Жәйрем кенті, Мұратбаев көшесі, 18

Жобалар

  • Жүзеге асып жатқандар
  • Жоспардағылар
  • Аяқталғандар

Белсенді жобалар жоқ

Жоспарланған жобалар жоқ

Аяқталған жобалар жоқ

Спасибо! ваша заявка отправлена