Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Тұрақты даму үшін серіктестік
Тұрақты даму үшін серіктестік

Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

      • 2017 жылы даму мақсатындағы ресми көмек көлемі 2016 жылғы деңгейден 0,6 пайызға төмендеп, 146,6 млрд. АҚШ. Долларды құрады.
      • Дамушы елдерден әкелінетін импорттық тауарлардың 79 пайызы дамыған елдерге бажсыз әкелінеді.
      • Дамушы елдердің борыштық ауыртпалығы экспорттық түсімдердің шамамен 3 пайызын құрайтын өзгеріссіз деңгейде қалып отыр.
      • Соңғы төрт жылда Африкадағы интернетті пайдаланушылар саны екі есе өсті.
      • Әлем жастарының 30 пайызы «компьютерлік ұрпақтың» өкілдері және кем дегенде бес жыл бойы интернеттің белсенді пайдаланушылары болып табылады.
      • Алайда, 4 миллиардтан астам адам интернетті пайдаланбайды, олардың 90 пайызы дамушы елдерде тұрады.

      17.1 Салықтар мен басқа да кірістерді жинау жөніндегі ұлттық мүмкіндіктерді арттыру үшін ішкі көздерден, оның ішінде дамушы елдердің халықаралық қолдауының арқасында ресурстарды жұмылдыруды күшейту

      17.2 Дамыған елдердің даму мақсатында ресми көмек (ДРК) көрсету жөніндегі өз міндеттемелерін, оның ішінде көптеген дамыған елдердің дамушы елдерге ДРК желісі бойынша өзінің жалпы ұлттық кірісінің (ЖҰК) 0,7 пайызы деңгейінде қаражат бөлудің нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу және ДРК–ні өзінің ең нашар дамыған елдерге 0,15-0,20 пайызы деңгейінде бөлу міндеттемесін толық орындауын қамтамасыз ету; ДРК-ні ұсынатын мемлекеттерге ДРК желісі бойынша өзінің КІН-ның кемінде 0,20 пайызын неғұрлым төмен дамыған елдерге бөлу мақсатын қою туралы мәселені қарау ұсынылады

      17.3 Дамушы елдер үшін әртүрлі көздерден қосымша қаржы ресурстарын жұмылдыру

      17.4 Дамушы елдерге жағдайларға байланысты қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруды көтермелеуге, борыштық ауыртпалықты жеңілдетуге және берешекті қайта құрылымдауға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізудің арқасында олардың берешегі деңгейінің ұзақ мерзімді қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсету және ірі берешегі бар кедей елдердің борыштық ауыртпалығын жеңілдету үшін олардың сыртқы берешек проблемасын шешу

      17.5 Ең нашар дамыған елдердің мүдделеріндегі инвестицияларды тарту режимдерін қабылдау және қолдану

      Технология

      17.6 Солтүстік-Оңтүстік және Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша ынтымақтастықты, сондай-ақ, ғылым, техника және инновациялар саласындағы үшжақты өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты, тиісті жетістіктерге қол жеткізуді кеңейту; өзара келісілген шарттарда, оның ішінде қолданыстағы тетіктер арасындағы үйлестіруді жақсарту арқылы, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде, сондай-ақ, технологияларды беруге жәрдемдесудің жаһандық тетігі арқылы білім алмасуды жандандыру

      17.7 Дамушы елдер өзара келісілген қолайлы жағдайларда, оның ішінде жеңілдікті және преференциялық жағдайларда экологиялық қауіпсіз технологияларды алуы үшін оларды әзірлеуге, беруге, таратуға және игеруге жәрдемдесу

      17.8 2017 жылға қарай ең нашар дамыған елдердің мүдделерінде технологиялар банкінің және ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту тетігінің толық ауқымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары технологияларды, атап айтқанда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды кеңейту

      Әлеуетті арттыру

      17.9 орнықты даму саласындағы барлық мақсаттарға қол жеткізудің ұлттық жоспарларын іске асыруға жәрдемдесу үшін, оның ішінде Солтүстік-Оңтүстік және Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша серіктестік пен үшжақты ынтымақтастық арқылы дамушы елдердің әлеуетін тиімді және нысаналы түрде ұлғайтуда халықаралық қолдауды күшейту

      Сауда

      17.10 Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде қағидаларға негізделген, ашық, кемсітпейтін және әділ көпжақты сауда жүйесін, оның ішінде оның Доханың даму саласындағы күн тәртібі жөніндегі келіссөздерді аяқтауының арқасында көтермелеу

      17.11 2020 жылға қарай ең нашар дамыған елдердің әлемдік экспорттағы үлесін екі еселеу мақсатында дамушы елдердің экспортын айтарлықтай ұлғайту.

      17.12 Дүниежүзілік сауда ұйымының шешімдеріне сәйкес, оның ішінде ең нашар дамыған елдерден импортталатын тауарларға қатысты қолданылатын шығу тегінің преференциялық қағидаларының ашық және қарапайым болуын және нарықтарға қолжетімділікті жеңілдетуге жәрдемдесуін қамтамасыз ету жолымен ұзақ мерзімді негізде барлық төмен дамыған елдерге нарықтарға бажсыз және квоталанбайтын қол жетімділікті уақтылы беруді қамтамасыз ету

      Жүйелік сұрақтар

      Мекемелердің саясаты мен қызметінің реттілігі

      17.13 Жаһандық макроэкономикалық тұрақтылықты, оның ішінде саясатты үйлестіру және саясаттың дәйектілігін қамтамасыз ету арқылы арттыру

      17.14 Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі саясатты неғұрлым дәйекті ету

      17.15 Стратегиялық маневр үшін әрбір елде бар кеңістікті және оның кедейлікті жою саясатын, тұрақты даму саласындағы саясатты әзірлеу мен жүзеге асырудағы жетекші рөлін құрметтеу

      Көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестік

      17.16 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологиялар мен қаржы ресурстарын жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты дамуға мүдделі жаһандық әріптестікті нығайту

      17.17 Серіктестердің ресурстарын пайдалану тәжірибесі мен стратегиясына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді әріптестікті ынталандырып, жұмылдыру.

      Деректер, мониторинг және есептілік

      17.18 2020 жылға қарай кіріс деңгейі, гендерлік тиістілігі, жасы, нәсілі, ұлты, көші-қон мәртебесі, мүгедектігі, географиялық орналасқан жері және басқа да сипаттамалары бойынша дезагрегацияланғандардың жоғары сапалы, өзекті және дұрыс деректердің қолжетімділігін айтарлықтай арттыру үшін дамушы елдердің, оның ішінде ең нашар дамыған елдердің және шағын аралдағы дамушы мемлекеттердің әлеуетін арттыру мақсатында ұлттық шарттарды ескере отырып, қолдауды күшейту

      17.19 2030 жылға қарай қазіргі бастамаларға сүйене отырып, жалпы ішкі өнім көрсеткішіне қосымша ретінде тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі прогресті өлшеудің басқа да көрсеткіштерін әзірлеу және статистика саласында дамушы елдердің әлеуетін өсіруге жәрдемдесу

      БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ)

      Мыңжылдық даму мақсаттары (МДМ)

      Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент (ЭӘМД)

      Дүниежүзілік банк

      БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ)

      БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП)

      БҰҰ-ның халық саны саласындағы қоры (ЮНФПА)

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)

      Халықаралық валюта қоры (ХВҚ)

      БҰҰ елді мекендер жөніндегі бағдарламасы (БҰҰ-Хабитат)

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО)

      Ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық қоры (АДХҚ)

      Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)

      Халықаралық сауда орталығы (ЮНКТАД/ДСҰ)

      Халықаралық Электр байланысы одағы (ХЭО)

      БҰҰ-ның ВИЧ/ЖИТС бойынша біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС)

      БҰҰ даму мәселелері жөніндегі конференциясы

      Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ (ЮНЕСКО)

      БҰҰ Босқындар істері агенттігі

      Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО)

      «БҰҰ-әйелдер» құрылымы

      БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (АҚЖКБ)

      Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі (БАПОР)

      Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ)

      Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

      БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы

      Дүниежүзілік туристік ұйым (ЮНВТО)

      БҰҰ-ның даму және бейбітшілік игілігі үшін спорт жөніндегі бюросы

      БҰҰ аймақтық комиссиясы

      Нью-Йорк аймақтық комиссиялармен байланыс бөлімі

      Африкаға арналған экономикалық комиссия

      Еуропалық экономикалық комиссия

      Латын Америкасы мен Кариб бассейніне арналған экономикалық комиссия

      Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия

      Тынық мұхиты және Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия

      Соңғы жаңалықтар
      16.12.2024 1218 0
      Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
      Толығырақ
      09.12.2024 797 0
      БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
      Толығырақ
      05.12.2024 3573 0
      Халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығы: әлемді жақсартуға үлес қосқандарды құрметтейміз!
      Толығырақ
      Әлеуметтік желілерде оқыңыз
      Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
      Спасибо! ваша заявка отправлена