Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Bilim Қостанай облысында "Birgemiz:Bilim" жобасы қорытындыланды

Қостанай облысында "Birgemiz:Bilim" жобасы қорытындыланды

20.11.2020 868

Қостанай облысында "Birgemiz:Bilim" жобасы қорытындыланды 

 

"Birgemiz:Bilim" әлеуметтік жобасын Қостанай облысында "КЕА" (Kazakhstan En ' bek Adamy) корпоративтік қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырады.

"Білім берудегі еріктілік" халықаралық онлайн-конференциясында жоба бойынша қорытынды жасалды. "КЕА" КҚ директоры Дария Хамитжанованың айтуынша, облыста 118 ерікті және 1085 ауылдық жерлердегі жоғары сынып оқушылары оқытылды.

Жобаға бағаларын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрайымы Батима Мукина, Сараптамалық кеңестің мүшесі, Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының төрайымы Екатерина Смышляева, Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі, жобаның амбассадоры және әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров беріп, қатысушыларды құттықтады. Онлайн - конференцияға Ариэль(Израиль) қаласынан ерікті Ирина Роднянски және Челябинск(Ресей) қаласынан ерікті Нина Байдимирова қосылды.

"Бұл әлеуметтік жоба еліміздің барлық 14 өңірінде іске асырылуда, олардың бірі Қостанай облысында. Үкіметтік емес ұйым - "КЕА" КҚ жобасының өкілдеріне пандемия жағдайына қарамастан осы жұмысты жүргізгендері үшін алғысымды білдіргім келеді, олардың алдына айтарлықтай маңызды міндет қойылды", - деді өз сөзінде Батима Мукина.

Жоба барысында еріктілерді іріктеу жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамында болған Екатерина Смышляева кәсіби тандем қызықты болғанын атап өтті.

"Менің ойымша, бұл өте маңызды және бұл біздің балаларымызды даярлау барысында қолданылған білім беру мазмұнының сапасына қатты әсер етті. Яғни, ол әр түрлі болды, ол қарапайым орта мектеп форматынан шығып, сұраныс форматына, бағдарлау тәжірибесіне кірді. Бұл ерте кәсіби бағдар беруге әсер етеді", - деп қосты ол.

Жоба қорытындысы бойынша оқытудың бес бағытын дайындауға көмек көрсеткен облыстың 12 үздік еріктісі жалпы сомасы 780 мың теңгеге ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

Ерлан Төлетаев, Қостанай



Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 723 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2736 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1234 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена