Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Bilim ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП

ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП

25.11.2020 906


Гранталушы:

«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі

Грант тақырыбы:

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету бойынша «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іске асыру

 

Оқушылардың үлгерімі бойынша есеп жүргізу, курс қатысушыларының материалды меңгеру дәрежесіне, динамикасына мониторинг жасау.

 

«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі – Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның әлеуметтік гранты аясында 2020 жылы ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық, ағылшын, компьютерлік және құқықтық сауаттылық курстарын ерікті түрде өткізу мақсатында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты - волонтерлікті ынталандыру және халықтың азаматтық белсенділігін арттыру, волонтер-оқытушылардың ауылдық жерлердегі орта мектеп оқушыларына білім беру қызметтерін ұсынуға көмек көрсету. Жоба аясында Батыс Қазақстан облысында 5 бағыт бойынша, 110 волонтер көмегімен – 12 ауданнан 1618 оқушы оқытылды.

Жоба басында алдымен оқушыларға БҚО Білім беру басқармасымен келісілген, онлайн сауалнама таратылып, 3000-ға жуық оқушы жобаға қызығушылық танытты. Жоба жұмысының барысын қадағалау мақсатында, 5 адамнан тұратын, сараптамалық кеңес құрылды.

 

Аты – жөні

Жұмыс орны, лауазымы

1

Каиров Алихан Аскарович

БҚО ішкі саясат басқармасы, Саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы;

2

Тенишева Светлана Владимировна

БҚО «Азаматтық альянсы», ұйым төрайымы;

3

Байбатыров Ерболат Сагатович

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан 4 дүркін әлем чемпионы;

4

Бисенгалиева Ляззат Сарсенгалиевна

Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп – гимназиясы, педагог – психолог маманы;

5

Дагаров Сагындык Жанаевич

БҚО «Мастер Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігі, төрағасы.

 

Сонымен қатар, сараптамалық кеңес – жобаға қатысуға ниет білдірген волонтерлерді іріктеуде, өз көмектерін көрсетті. Жобаға жыл бойы 200-ден астам волонтер ниет білдіріп, 110 волонтер іріктеуден өтті.

Жобаның мақсатына сәйкес, іріктеуден өткен волонтерлерге арналған оқыту курстары ұйымдастырылды. Волонтерлерді оқыту үшін әр бағыт бойынша тренерлер жасақталып, түрлі тақырыптар бойынша оқытуларын жүргізілді.

 

Іс-шара

Атауы

Тренер

Өткізілген уақыты

Семинар-тренинг

«Волонтер және оқушы»

Курумбаев Айбулат Шамуратович

28 мамыр, 11:00

Шеберлік сабағы

«Руководство к действию для волонтеров в условиях пандемии»;

Тенишева Светлана Владимировна

2 маусым, 15:00

Шеберлік сабағы

«ҰБТ мен пәндік олимпиадаға дайындықтың тиімді жолдары»;

Нұрышов Тлекқабыл Базарбаевич

4 маусым, 11:00

Шеберлік сабағы

«Волонтер-оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас психологиясы»;

Нұрышов Тлекқабыл Базарбаевич

17 маусым,

11:00

Шеберлік сабағы

«Поддержка деятельности МФКК ПСР по обеспечению готовности и реагированию в борьбе с глобальной пандемией коронавируса (COVID-19

Тенишева Светлана Владимировна

17 маусым, 17:00

Шеберлік сабағы

«Волонтердің құқықтары мен міндеттері»

Курумбаев Айбулат Шамуратович

30 маусым, 11:00

Шеберлік сабағы

«Компьютерлік сауаттылық. Компьютерлік бағдарламаларға шолу»

Ерсаинов Дәулет Ерболатұлы 

7-11 шілде, 11:00

Шеберлік сабағы

«Құқықтық сауаттылық»

Рахишева Алуа Гильманова

7 шілде, 11:00

Шеберлік сабағы

«Ағылшын тіліне оқыту»

Уралова Асемгуль Даулетовна

7, 21 тамыз, 11:00

 

Жоба жоспарына сәйкес, волонтер – оқытушылар жобаның бағыттары бойынша оқытудан өткеннен кейін, ауыл мектептерінің оқушыларын оқытуды бастады, ал оқыту үшін оқу бағдарламаларын әзірледі.

 

Бағыттары

Оқыту сағаттары

1

Ағылшын тілі

48

2

Компьютерлік сауатталық

8

3

ҰБТ-ға дайындық

48

4

Құқықтық сауаттылық

8

5

Олимпиадаларға, ғылыми байқауларға дайындық

48

 

Жобаны іске асыру барысында енгізілген пандемияға байланысты волонтер - оқытушылар ауыл оқушыларына әртүрлі мессенджерлер мен интернет - платформалар (WhatsApp, ZOOM және т.б.) арқылы онлайн оқытулар өткізді.

Жоба бағыттары бойынша оқушыларды дайындау басында оқушылардың алғашқы білімін аңықтауға арналған тест жұмыстары жүргізіліп, ал оқыту аяқталғаннан кейін ауыл мектептерінің 8-11 сынып оқушыларын кейінгі білім деңгейін аңықтауға арналған тестілеуі өткізілді.

 

 

«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы оқушыларына жүргізілген тест нәтежиелері бойынша пайыздық (%) өсім

Оқыту бағыттары

Бастапқы деңгей

Кейінгі деңгей

Өсім

1

Ағылшын тілі

46%

75%

29%

2

Компьютерлік сауатталық

68%

93%

25%

3

ҰБТ-ға дайындық

70%

85%

15%

4

Құқықтық сауаттылық

66%

90%

24%

5

Олимпиадаларға, ғылыми байқауларға дайындық

56%

81%

25%

 

Волонтерлермен күнділікті оқыту бойынша консультациялар жүргізілді. Оқыту бағдарламасына сәйкес сабақтарда волонтерлер оқушылармен күн сайын онлайн кеңестерін айтып, оқыту жүргізілді. Оқушылардың білімінің оқыту басталғаннан салыстырғанда күнделікті өсім көрінді.

 

Жоба соңында үздік деп танылған 35 волонтерді сараптамалық кеңес анықтап, жалпы сомасы 700 мың теңгеге ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

Жалпы жоба аясында волонтерлер мен оқушыларға талдау жасай отырып, білім беру мекемелерінде балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру кезінде келесі басым принциптерге сүйену керек:

1. Волонтерлерді материалдық ынталандырудан тәрбиелік-дамытушылыққа көшуге назар аудару (оқыту курстары түрінде, білім беру мазмұнына қол жетімділік)

2. Волонтер – оқытушылардың жұмысын әрі қарай қолдау және мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

2. Оқушының жеке мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қабілеттеріне бағдарлау.

3. Оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес білім беруге көшу.

4. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту бірлігі.

5. Білім беру процесінің практикалық-әрекеттік негізі.


 

 

 

 

 

 

 


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
18.11.2024 1102 0
Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
Толығырақ
13.11.2024 762 0
Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
Толығырақ
11.11.2024 1290 0
Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена