Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Asyl mura «Музейдегі түн» акциясы өз жалғасын тапты!

«Музейдегі түн» акциясы өз жалғасын тапты!

02.11.2020 1325


Ағымдағы жылдың 31 қарашасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында «Музейдегі түн» акциясы өтті.

Тарихқа «Музейлердің ұзақ түні» деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өткізілген. Мереке идеясы әлдеқайда бұрынырақ, 1970-жылдары Еуропада музейге келушілерге дәстүрлі түрде тегін аралып шығуға есік ашатын. Ол кезде ол акция «Музей көктемі» деп аталып, мамыр айында өткізілетін. Биыл еліміздегі ахуалға байланысты аталмыш акцияны мамыр айында өткізуге мүмкіндік болмады.      

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың, жергілікті халықтың назарын мәдени мұраларға аудару, ұлттық құндылық, код туралы түсініктерін қалыптастырумен еліміздің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін білуге ат салысуға жұмылдыру.

Акция барысында қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты викторина, квест және «Алмас қылыш» көркем фильімінің көрсетілімі өткізіледі.

 «Музей түнінің» бағдарламасы:

17.00 Ресми ашылуы.

17.30 Викторина

18.00 «Алмас қылыш» көркем фильімін тамашалау

18.00 Салт-дәстүрімізге байланысты квест

21.00 Акцияның салтанатты жабылуы.

Ұйымдастырушылар: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармаларының қолдауымен.


#birgemizasylmura
#jasulanqz
#cisgrant2020
#birgemiz2020


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
07.04.2025 2098 0
Достар! Марафон жалғасуда!
Толығырақ
02.04.2025 2072 0
Волонтерлер қозғалысының жетекшісімен сұхбат: команданы қалай шабыттандыруға болады
Толығырақ
31.03.2025 437 0
«Игі істер марафонын» қолдап, әлемді бірге жақсылыққа жетелейік!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена