Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Bilim 25 волонтер 400 -ден астам оқушыға ҰБТ-ға дайындалуға көмек көрсетті!

25 волонтер 400 -ден астам оқушыға ҰБТ-ға дайындалуға көмек көрсетті!

23.06.2020 1529


  

ҰБТ – ға дайындау бағыты бойынша арнайы іріктелген 25 волонтер                   5 шеберлік сағаты мен 1 семинар – тренингтан өтіп, 469 оқушыға сабақ беруді 28 – мамыр күні бастады.  

ҰБТ пәндері бойынша оқыту курсындағы қатысушылардың 30% - ын ауылдық елді-мекендердегі орта мектептердің жоғары сынып, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушылары құрайды.

Волонтерлер арнайы тарату материалдары мен оқытуға керекті әдістемелік құралдармен қамтылды. Бейіндік пәндер ретінде түлектер таңдаған мамандықтарға байланысты 13 пәннен, яғни: АҚҚ, математика, физика, биология, химия, география, тарих, қазақ тілі және әдебиеті, оқу сауаттылығы, ағылшын  пәндері бойынша білім алып жатыр.

Оқыту курстары карантиндік режимге байланысты қашықтықтан, яғни онлайн түрде (WhatsApp, ZOOM және т.б желілер арқылы) өткізілуде. Бұдан бөлек, шеберлік сағаттары мен семинар – тренингтер, сұхбаттар қатысушылардың қайталап  және ыңғайлы уақытта көруіне тиімді болу үшін YouTube желісіндегі «Жас Қанат» каналына жүктелген.


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3570 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3409 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2807 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена