Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Атырауда мейрам қарсаңында тыл ардагерлерін құттықтады

Атырауда мейрам қарсаңында тыл ардагерлерін құттықтады

07.03.2022 1321 0

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырауда Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен әйелдерді, сондай-ақ әлеуметтік осал топ санатына жататын балаларды жалғыз тәрбиелейтін аналарды құттықтады деп Атырау облысының аймақтық коммуникация қызметіне сілтеме жасай отырып «Казинформ» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Науқан Атырау облысы әкімі Махамбет Досмухамбетовтың бастамасымен өткізілді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері және Атырау облысының жастар ресурстық орталығының волонтерлері Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен әйелдерді, сондай-ақ әлеуметтік осал топ санатына жататын балаларды жалғыз тәрбиелейтін аналарды құттықтады. Оларға сонымен қатар азық-түлік жинақтары табыс етілді. Мұндай науқан аудандарда да өткізілді. Жалпы Атырау қаласында бұл санатқа жататын 170 әйел адам бар. Облыс бойынша 500-ден астам», – деп аймақтық коммуникация қызметі хабарлайды.


Дереккөзі: https://www.inform.kz/ru/zhenschin-veteranov-tyla-pozdravili-v-atyrau_a3908398

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена